ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ

ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ

Сейсенбі, 14 желтоқсан күні Ақсу қаласының әкімдігінде Ақсу қаласының әкімі Жанат Шұғаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан Ақсу тұрғындарына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік медальді табыс етті. Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мәдениет саласының көрнекті өкілдері, Құрметті азаматтар, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер, өнеркәсіп қызметкерлері бар.

Қала басшысы жиналғандарға еліміздің басты мерекесі – ҚР Тәуелсіздік күніне орай жылы лебізін білдіріп, оларға адал еңбегі үшін алғысын білдірді.

- Тәуелсіздік жылдары Ақсу экономиканың барлық салалары бойынша өсімнің оң серпініне қол жеткізді, халықтың өмір сүру сапасы жақсарды. Бұл сіздің еңбегіңіз, - деді әкім.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған медальдарды Ақсу қаласы әкімінің қолынан Ақсу қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Залмұхан Арынов, Ақсу қалалық аумақтық комиссиясының төрағасы Серік Жақыпов, Мемлекеттік қызмет ардагері, Ақсу қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің статисті Вера Кошевая, Ақсу қаласының білім беру бөлімінің басшысы Қайрат Смағұлов, Ақсу ферроқорытпа зауыты шихта беру цехын ұсақтаушы Баяхмет Есімханов, Ақсу қалалық ауруханасының директоры Мақсат Мұқашев, Қалқаман ауылының дәрігерлік амбулаториясының жалпы практика дәрігері Қуат Жиенбаев, Ақсу қалалық ауруханасының уролог-дәрігері Жасболат Уахитов, Ақсу қалалық ауруханасының операциялық блогының медбикесі Әсемгүл Марданова, Ақсу қалалық ауруханасының күндізгі стационарының медбикесі Сәуле Дандыбаева, Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ирина Косарева, "Сергей" шаруа қожалығының басшысы Виктор Рямбов,Ақсу қаласы Ауыл шаруашылығы бөлімінің аграрлық саясат секторының меңгерушісі Арыстан Назымбаев, "Тимур" шаруа қожалығының басшысы Равиль Мингазов, жеке кәсіпкер "Ер-Ай"ЖК, "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы Қабдрахман Сейлғазин, Ақсу қаласының № 2 Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің волейбол бойынша жаттықтырушы-оқытушысы Сергей Яхин, "Ақсу су арнасы" КММ механигі Богодат Мубараков, "Теплосервис-Ақсу" КММ өндірістік учаскесінің аға шебері Алексей Елкин, Қалқаман ауылы мәдениет үйінің директоры Петр Андреев, Ақсу қара металлургия колледжінің директоры Қайыржан Кәрімов, Ақсу қаласының № 7 орта мектебінің математика және физика пәнінің мұғалімі Людмила Вдовина, Достық ауылдық округі орта мектебінің директоры Гүлнар Қожанова бар.
⠀
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтің алғыс хатымен Ақсу қалалық аумақтық комиссиясының төрағасы Серік Жақыпов марапатталды.
⠀