Мұз үстіндегі қауіпсіздік

2021 жылғы 15 қарашада сағат 15.30-да Ақсу қаласы ТЖБ азаматтық қорғау тобының офицері лейтенант А.Байзақов білім бөлімінің өкілдерімен, мектеп директорларымен ZOOM платформасында «Мұздағы қауіпсіздік» тақырыбында тікелей эфир өткізді. Трансляцияға 23 лауазымды тұлға қатысып, олармен қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары талқыланды. Мұғалімдермен, оқушылармен, ата-аналармен семинарлар, әңгімелер, дөңгелек үстелдер өткізу туралы ұсыныстар айтылды.
Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларды заңды өкілдердің қарауынсыз жұқа мұзға шығуға тыйым салу туралы ақпарат берілді. 14.11.2021 жылы әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында «aksu_ermak» аккаунтында жарияланған Ақсу қаласының жағалауы маңындағы мұзда кәмелетке толмаған балалардың жүргені туралы жағдай анықталды.