Ақсу өңірінің 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
- Экономиканың нақты секторы
1.1. Өнеркәсіп
2026 жылғы 1 қазанға өнеркәсіп өндірісінің көлемі 562 275,5 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі (бұдан әрі - НКИ) 2025 жылдың ұқсас кезеңіне 97,9% құрады (2025 ж. - 495 740,7 млн. теңге, НКИ-95,3%). Себебі: АФЗ-та № 63 пешке жөндеу жүргізу, 2026 жылы кейіннен қыздырумен және пештерге ағымдағы жөндеу жүргізу бойынша жөндеу бағдарламасын түзету.
- тау-кен өндіру өнеркәсібінің өндіріс көлемі - 8 559,0 млн. теңге, НКИ – 133,1% (2025 ж. – 8 645,9 млн. теңге, НКИ – 82,2%);
- өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі - 469 555,3 млн. теңге, НКИ-96,4% (2025 ж. – 410 449,9 млн. теңге, НКИ – 94,8%);
- электрмен жабдықтау - 82 916,8 млн. теңге, НКИ – 106,3% (2025 ж. – 75 372,7 млн. теңге, НКИ - 100%);
- сумен жабдықтау – 1244,2 млн.теңге, НКИ – 119,4% (2025 ж. – 1272,1 млн. теңге, НКИ – 100,1%).
1.2. Ауыл шаруашылығы
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 46 104,2 млн. теңгені құрады. НКИ - 113,2% (2025 ж. – 40 967,4 млн. теңге, НКИ - 107,4%).
Өсімдік шаруашылығы - 26 069,5 млн. теңге, НКИ - 113,2%.
Мал шаруашылығы – 19 695,1 млн. теңге, НКИ - 113,6%.
Ақсу өңірінде 577 ауыл шаруашылығы құрылымдары бар.
Мал шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы саны:
ІҚМ - 43 921 бас, 103,9% (2025 ж. - 42 287 бас);
жылқы - 22 660 бас, 122,3% (2025 ж. – 18 523 бас);
қой - 56 809 бас, 107,5% (2025 ж – 52 848 бас);
ешкі 3 476 бас, 96,1% (2025 ж – 3 618 бас);
шошқа 322 бас, 40,4% (2025 ж – 798 бас);
құстар – 454 069 бас, 117,3% (2025 ж. – 387 157 бас).
Тірі салмақтағы ет – 6 961,7 тонна (112,9%), сүт – 29 009,1 тонна (99,4%), жұмыртқа - 1 321,7 мың дана (115,5%) құрады.
1.3. Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі – 52 778,1 млн. теңгені құрады. НКИ – 100,5% (2025 ж. – 46 238 млн. теңге, НКИ - 131,0%).
1.4. Тұрғын үйді енгізу
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 32 742 ш.м., НКИ – 100,0% (2025 ж. – 32 728 ш.м., НКИ – 101,7%).
- Инвестиция
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі - 146 152,4 млн. теңгені құрады. 2025 жылдың ұқсас кезеңінде НКИ - 113,8% (2025 ж. 113 953,9 млн.теңге, НКИ – 138,0%).
- Шағын және орта кәсіпкерлік
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны тіркелген 3554 бірліктен 3353 бірлік немесе 2025 жылдың ұқсас кезеңіне 95,9% (3899 бірліктен 3496 жұмыс істейтін - 83,9%).
- Сауда
Бөлшек сауда көлемі 39 615,5 млн. теңгені құрады, НКИ - 2025 жылдың ұқсас кезеңіне 103,3% (2025 ж. – 34 565,4 млн. теңге, НКИ – 105,3%).
Анықтама: Көтерме сауда көлемі - 14 549,8 млн. теңге, НКИ -106,8%.
- Әлеуметтік сала
5.1 Еңбек нарығы
Жұмыссыздық деңгейі – 4,9% құрайды.
Есепті айдың басында жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 1720 адамды құрады.
2026 жылғы 1 қазанға 970 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды, жастар практикасына 146 адам жіберілді.
Қоғамдық жұмыстарға - 235 адам.
Жалпы сомасы 101,3 млн.теңгеге 171 отбасына (829 адам) АӘК тағайындалды.
5.2. Еңбекақы төлемі
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 479 807 теңгені немесе 2025 жылға 104,9% құрады (2025 жылғы 2 тоқсан ішіндегі стат. деректер).
- Білім
Ақсу өңірінде 25 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде: 22 – орта, 2 – негізгі, 1 - бастауыш, 15 – балабақша, оның ішінде 1-жекеменшік, 15 – жалпы білім беретін мектептер жанындағы шағын орталықтар, 3-қосымша білім беру ұйымдары (БӨМ, БШҮ, БЭТО).
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 97,4%, 2 жастан 6 жасқа дейін - 100%, 3 жастан 6 жасқа дейін - 100 %.
Өңір бойынша барлығы 0-6 жастан бастап - 3700 бала, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейін - 2652 бала.
1-11 сынып оқушыларының контингенті 11081 құрайды. 5 мектепте оқыту қазақ тілінде, 19 қазақ және орыс тілдерінде, 1 орыс тілінде жүргізіледі.
Барлық мектептер компьютерлермен, ішкі және сыртқы модификациялардың бейнекамераларымен, Ақсу қаласы полиция бөлімінің пультіне шығарылатын дабыл түймелерімен қамтамасыз етілген.
- Денсаулық сақтау
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша онкологиялық ауру бойынша көрсеткіштің 2,42% – ға (100 мың тұрғынға шаққанда 288,8 2025 ж. - 282,0) өсімі байқалады, бұл ретте қан айналымы жүйесінің сырқаттану көрсеткіші 16,6% – ға (100 мың тұрғынға шаққанда 3293,5, 2025 ж. - 2825,2) ұлғайды.
- Инфрақұрылым және ТҮКШ
Сапалы орталық сумен қамтамасыз ету - 98,0%, электрмен жабдықтау - 100%, жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 115,0 км.
Өңір бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы Ақсу өңірі бойынша аудандық маңызы бар 671,3 км құрайды (оның ішінде республикалық маңызы бар - 182 км; облыстық маңызы бар - 61 км; аудандық маңызы бар – 134,4 км; қала көшелері 80,9 км, ауылдық елді мекендердің кентішілік көшелері - 213 км).
Аудандық маңызы бар жолдарды орташа жөндеуге 787,0 млн. теңге қарастырылған.
Жылу желілерінің тозуы – 52,7%, электр желілерінің тозуы - 69%, су құбыры желілерінің тозуы – 67,2% құрайды.
Қала көшелерінің қанағаттанарлық және жақсы жағдайдағы үлесі 70,3% құрады.
- Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
6 ауылдық округте 11 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, оның 11 қызметтік автокөлік бар.
1 қоғамдық құрылым жұмыс істейді, онда 38 қоғамдық полиция көмекшісі бар.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде 254 қылмыс тіркелді (2025 ж. - 281), оның ішінде көшеде жасалған - 23 (2025ж. - 29).
- Бюджеттің орындалуы
Ақсу өңірі бойынша 1-3 санаттағы кірістер 2026 жылғы 1 қазанға 101,6% орындалды (жоспар бойынша 9 387,9 млн. теңге 9 541,0 млн. теңге түсті, ауытқу - 153,1 млн. теңге, азаматтарға пәтер сатудан түскен ең көп асыра орындау есебінен-70,3; ЖТС-30,5; жекешелендіруден түскен түсімдер-10,1 ).
Бюджет шығыстары жоспар барасында 15 663,8 млн. теңге, игерілді 15 660,2 млн. теңгеге немесе нақты шығындар есебінен 100,0%.
РБ - 0,0 млн. теңге;
ОБ - 0,0 млн. теңге;
ЖБ - 3,6 млн. теңге – (ББӘ бойынша өзге де үнемдеу).
1