Кезекті мерзімді әскери қызметке
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кезекті мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы, әскерге шақырудан кейінге қалдыруға немесе босатылуға негіздері жоқ Қазақстан азаматтары шақырылады.
Павлодар облысында Абай облысы, Семей қаласында орналасқан ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс әскери бөлімі 68303-ке мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды жинау бойынша күзгі шақырылу науқаны жүргізілуде.
Айта кету керек, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері ТЖМ-нің жедел қоры болып табылады және түрлі сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою міндеттерін орындайды.
Құтқарушы-жауынгерлерді оқыту үшін бөлімдерде заманауи материалдық базамен жабдықталған оқу корпустары құрылған.
ТЖМ әскерінде қызмет еткен сарбаздарға азаматтық қорғау органдарында жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар, әңгімелесу нәтижелері бойынша, ҰБТ есебінсіз, ақылы негізде Жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, әскери қызмет әрбір жас жігіттің міндеті болып табылады, ал оны өтуден жалтару қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті көздейді.
ТЖМ әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет атқарғысы келетіндер Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Ақсу қаласының Төтенше жағдайлар бөліміне, Вокзальная көшесі, 9 мекенжайына келе аласыздар немесе мына телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады:
📞 8 (71837) 2-42-24
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б.
3
22 қазан 2026 16:25
22 қазан 2026