«Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі Аққулы ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы»
Аққулы ауданы әкімінің «Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі Аққулы ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешім жобасына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Аққулы ауданы әкімінің «Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі Аққулы ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешім жобасы (бұдан әрі- шешім жобасы) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес, Аққулы ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2024 жылғы 1 қазандағы № 9 кезектен тыс жедел отырысының хаттамасы негізінде әзірленді.
Шешім жобасының қабылдаудың нақты мақсаты төтенше жағдайды белгілеу болып табылады.
Шешім жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталында «Құқықтық көмек» бөлімінде 2024 жылғы 1 қазаннан 2 қазанға дейін орналастырылған.