«О внесении изменения в решение маслихата района Аққулы от 8 января 2024 года № 65/16 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан района Аққулы»
Аққулы аудандық мәслихатының
«Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 65/16 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы»
шешім жобасына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Аққулы аудандық мәслихатының «Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 65/16 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешім жобасы (бұдан әрі - шешім жобасы) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасының қабылдаудың нақты мақсаты Аққулы аудандық мәслихатының актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру.
Шешім жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15509865 «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімінде 2025 жылғы 8 сәуірден 23 сәуірге дейін орналастырылған.