"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 160 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 қыркүйекте № 40032 болып тіркелді
1. "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы.";
1 және 1-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидалары бекітілсін.
1-1. Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшері:
1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:
ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда редакцияда жазылсын:
"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидалары.";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" (бұдан әрі – Заң), "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемқызметтер туралы заң) заңдарына және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзiрленді және ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы беру және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру тәртiбiн айқындайды.
2. Көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және оны аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада баяндалған.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда редакцияда жазылсын:
"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну тәртібі.";
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алуға немесе салуға бюджеттік кредит Заңның 18-бабының 8-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыларға көрсетіледі.
Бұл ретте ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабының 5-тармағында көзделген шектеулер ескеріле отырып беріледі.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес ауылдық елді мекеннің мәртебесі қалалық елді мекендер санатына өзгерген жағдайда, көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит осы елді мекенге жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, сондай-ақ ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне екі жыл ішінде беріледі.
Бұл ретте әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ауылдық елді мекен санатының қалалық елді мекендер санатына өзгерген күнінен бастап есептеледі, тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредиттің мөлшері ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған мамандарға берілетін кредиттің мөлшеріне тең беріледі.
4. Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары сұранысқа ие денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандықтардың, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бойынша ұсынылады.
Тұрғын үй сатып алуға берілетін бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды.
Тиісті жерден тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары ерлі-зайыптылардың біреуіне ғана ұсынылуы мүмкін.
Ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге келген маманға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мерзімі ол келген (тіркелген) кезден бастап үш жылға дейінгі ұзақтықпен белгіленеді. Үш жылдық мерзім аяқталған соң әлеуметтік қолдау алу құқығы жойылады.
5. Бюджеттік кредиттер облыстардың жергілікті атқарушы органдарына мынадай талаптарда:
теңгемен он бес жылға дейінгі мерзiмге 1 % мөлшерiндегі жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн кейіннен ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне бере отырып, кредиттiк шарттар жасасу арқылы беріледі.
кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған кезден бастап есептеледі және 22 (жиырма екі) айды құрайды.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері үшiн тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) шарт болған жағдайда жүзеге асырылады.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі атынан әкiм Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) тапсырма шартын жасасады.
Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттiң) көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша операциялық қызметтеріне арналған шығындарды өтеуге арналған қаражат Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет шеңберінде көзделедi.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтерді, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы, көрсетілетін қызметті алушының атына тұрғын үй салуға берілген жер учаскесін пайдалану құқығы туралы анықтамаларды, еңбек қызметі бойынша мәліметтерді, ортадан кейінгі, техникалық, кәсіптік және/немесе жоғары білім дипломының болуы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады.
Көрсетілетін қызметті беруші Порталда көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.
Күндермен есептелетін мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету мерзімі белгіленген кезеңнің соңғы күнінде аяқталады. Егер мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті көрсетуге өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, мерзім келесі жұмыс күнінен басталады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және Порталда тиісті хабарлама (бас тарту себебі көрсетіле отырып) көрсетіледі.";
мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2-тармақтармен толықтырылсын:
"11-1. Көрсетілетін қызметті беруші немесе көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар, сот қарайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мүмкін болмаған;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету қағидаларында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда тоқтата тұруға міндетті.
11-2. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету процесін мынадай:
1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;
2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда тоқтата тұруға құқылы.";
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну және/немесе әлеуметтік қолдау шараларын алуға көрсетілетін қызметті алушыларды есепке және кезекке қою немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту туралы қаулысының жобасын дайындайды.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну және/немесе әлеуметтік қолдау шараларын алуға көрсетілетін қызметті алушыларды есепке және кезекке қою туралы қаулысы төрт жұмыс күні ішінде қабылданады.
15. Порталда көрсетілетін қызметті алушыға берілген, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасу қажеттігі туралы, есепке алу және кезектілікке қою туралы хабарлама немесе әлеуметтік қолдау шарасын ұсынудан дәлелді бас тарту әлеуметтік қолдау шараларын көрсету нәтижесі болып табылады.";
18-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"өтініш берген күнінен бастап соңғы екі жылда келген немесе оқудан оралған маман жұмыс істейтін елді мекен қарайтын ауданда (облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар) маманның, оның жұбайының және балаларының тұрғын үйі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға ұсынылады.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй салуға бюджеттік кредит беру туралы өтінішін қарау тәртібі осы Қағидалардың 11, 12, 13 және 14-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.";
31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Тұрғын үй салуға бюджеттік кредит беру осы Қағидалардың 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 және 22 -тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
32. Сома банктік шотқа аударылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы кемінде он жұмыс күні өткен соң Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылауды жүзеге асыратын органдарға тұрғын үй құрылысының басталғаны туралы хабарлайды.";
35-тармақтың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
|
|
"Ауылдық елдi мекендерге |
4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісім
Елді мекен ____________________________ "___" ___________ 20__ жылғы
Бұдан әрі "Әкiмшi" деп аталатын "__________________" мемлекеттiк мекемесi
атынан басшы ________________________________ бiр тараптан, бұдан әрi "Алушы"
деп аталатын әлеуметтiк көмек алушы _________________________ екінші тараптан
және бұдан әрi "Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)" деп аталатын
______________ үшiншi тараптан төмендегiлер туралы осы Өзара мiндеттемелер
Тараптар өзара жауапкершiлiктi және келiсiмдi ескере отырып, ешқандай тараптан
мәжбүрлеусіз өздеріне мiндеттемелер қабылдайды, оны тараптар толық көлемде
1.1 Әкiмшi _______________ мәслихатының (20 __ жылғы "__" _____ № _____)
шешiмiнiң негiзiнде өзiне мынадай:
1) ___________________________________ теңге мөлшерiнде көтерме жәрдемақы;
2) ___ жыл мерзiмге __________________________________________ теңге
сомасында тұрғын үй сатып алуға/салуға бюджеттiк кредит түріндегi әлеуметтiк
қолдау шараларын ұсынуға мiндеттемелер қабылдайды.
1.2 Алушы өзiне ___________ ауылдық елдi мекенiнде орналасқан (денсаулық сақтау,
бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт, цифрлық
технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, ауыл, кент, ауылдық округ
әкімінің аппараты) ұйымында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттемелер
Міндеттеменің орындалуының үш жылдық мерзімі осы Келісім күшіне енген күннен
1.3 Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) өзiне тапсырма шарты негiзiнде әкiмшiнiң атынан
және оның есебiнен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттiк кредит беруге
байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды орындауға мiндеттеме қабылдайды.
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
1) алушыдан осы Келiсiмге сәйкес өзiне алған мiндеттемелердi адал және тиiсiнше
2) тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден сенім білдірілген өкілдің (агенттің)
интернет-ресурс арқылы алушының тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы
1) осы Келiсiмді жасасқаннан кейін бір жұмыс күнi iшiнде көтерме жәрдемақысының
тағайындалған сомасын алушының жеке есеп шотына аударуға мiндеттi.
1) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ерiктi түрде
2) үш жылдық мерзiм өткенге дейiн өндiрiстiк жағдайларға немесе әкiмшiлiктiң
бастамасы бойынша басқа ауылдық елдi мекендерге (немесе бір ауылдық елді
мекеннің шегінде) жұмысқа ауысқан кезде қосымша келісім бойынша міндеттемелер
қабылдай отырып, алынған әлеуметтiк қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы
1) 30 жұмыс күні ішінде Әкімшіге:
тұрғын үй сатып алуға /салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау
шараларын алған күннен бастап;
тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін бюджет қаражатының мақсатты
пайдаланылуы туралы растайтын құжаттарды ұсынуға;
2) Әкімшіге тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынуға;
3) осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары
ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге;
4) жалақыдан кесте бойынша өтеу сомасын шегеру жолымен кредит бойынша
жарналарды ай сайын өтеуді қамтамасыз етуге мiндеттi.
2.5 Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агент):
1) алушымен есеп айырысу жүргiзуге;
2) алушының қаржылық жағдайына мониторинг жүргiзуге құқығы бар.
2.6 Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент):
1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредитке
2) кредиттiк шарт бойынша әлеуметтiк қолдау шараларын алған алушы
мiндеттемелерiнiң орындалуына мониторинг жүргiзуге;
3) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес осы Келiсiмнiң шарттары
орындалмаған және орындаудан бас тартылған жағдайда алушыдан берешектi өндiрiп
алуды жүзеге асыруға мiндеттi.
3.1 Осы Келiсiмдi орындау кезiнде туындауы мүмкiн барлық мәселелер мен
келiспеушiлiктер мүмкiндiгiнше Тараптардың арасында келiссөздер жолымен
3.2 Егер даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен реттелмейтiн болса, олар
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен
4. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi
4.1 Осы Келiсiм тараптар қол қойған күннен бастап күшiне енедi.
Келiсiм 20___ жылғы "__" ____________ бастап қолданылады.
4.2 Келiсiм әр тарап үшін заңдық күшi бiрдей үш данада жасалды.
5. Тараптардың заңды мекенжайлары
Әкiмшi Алушы Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)
__________________ ________________ __________________
__________________ ________________ __________________
__________________ ________________ __________________
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары
2026 жылғы 29қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді.
Павлодар облысының тұрғындары үшін қалалар мен аудандарда Call-центр құрылды (дүйсенбі-жұма – сағат 09.00-ден 18.30-ға деін (үзіліс 13.00-14.30); сенбі, жексенбі – сағат 09.00 – ден 13.00 – ге деін)
|
№
|
Аймақ |
Колл-центр |
|
1. |
Павлодар қаласы |
8 (7182) 32-0036 WhatsApp 8-777-252-47-44 |
|
2. |
Экібастұз қаласы |
8 (7187) 34-08-67 WhatsАpp 8-705-633-65-79 |
|
3. |
Ақсу қаласы |
8 (71837) 6-47-67 WhatsApp 87751594923 |
|
4. |
Актоғай ауданы |
8 (71841) 2-16-65 WhatsApp 8-777-332-65-76 |
|
5. |
Баянауыл ауданы |
8(71840) 9-15-38 WhatsApp 8-747-264-40-70 |
|
6. |
Железин ауданы |
(871831) 2-23-43 WhatsApp8-777-393-55-97 |
|
7. |
Ертіс ауданы |
8 (71832) 2-13-63 WhatsАpp 87083707490 |
|
8. |
Май ауданы |
8(71838) 9-11-93 WhatsАpp8-705-461-51-63 |
|
9. |
Павлодар ауданы |
8 (7182) 32-7341 WhatsАpp 8-705-191-42-12 |
|
10. |
Аққулы ауданы |
8 (71839) 2-10-28 WhatsАpp 8-7751599273 |
|
11. |
Тереңкөл ауданы |
8 (71833) 2-25-17 WhatsApp 8-778-179-52-64 |
|
12. |
Успен ауданы |
8 (71834) 9-20-99 WhatsApp 8-708-591-91-69 |
|
13. |
Шарбақты ауданы |
8 (71836) 2-1991 WhatsАpp 87712072795 |
Барша Павлодар облысының тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным білдіруге және Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарының сайлауға қатысуға шақырамыз!
Пештің көміртегі тотығы-оттегінің жетіспеушілігінен жанармайдың толық жанбауының нәтижесі. Ол бітелген немесе ақаулы түтін мұржасы, демпфер мерзімінен бұрын жабылған немесе бөлмедегі желдету нашар болған кезде пайда болады. Көміртегі тотығы көрінбейді және иіссіз, сондықтан оны анықтау үшін көміртегі тотығы датчигін қолдану ұсынылады, ал уланудың алғашқы белгілерінде (бас ауруы, бас айналу, жүрек айну) бөлмеден дереу шығып, таза ауа ағынын қамтамасыз ету және жедел жәрдем шақыру қажет. Неліктен көміртегі тотығы пайда болады? Оттегінің жетіспеушілігі: толық жану үшін қажет оттегінің жетіспеушілігімен отын жанып, көмірқышқыл газының (СО2) орнына көміртегі тотығын (СО) шығарады. Түтін мұржасының проблемалары: күйе бітелген немесе зақымдалған (жарылған) түтін мұржасы жеткілікті тартуды қамтамасыз етпейді, бұл жану өнімдерінің бөлмеге кері сорылуына әкеледі. Дұрыс емес пайдалану: Жанармай толығымен жанғанша қақпақты жабыңыз. Бөлмеге таза ауа жеткіліксіз. Пешті нашар желдетілетін жерде пайдалану. Уланудан қалай аулақ болуға болады Мұржаны үнемі тазалаңыз: мұржаны үнемі тазалап отырыңыз. Тартқышты тексеріңіз: пешті жағу алдында мұржадағы тартқышты тексеріңіз. Қақпақты мерзімінен бұрын жаппаңыз: қақпақты көмірлер толығымен жанып, жануды тоқтатқаннан кейін ғана жабуға болады (көк жалын болмауы керек). Ауа ағынын қамтамасыз етіңіз: пешті жағар алдында бөлмені желдетіңіз немесе таза ауа ағынын қамтамасыз етіңіз. Пештің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етіңіз: пешті жарықтар мен басқа зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз, қажет болған жағдайда жөндеу жұмыстарын жүргізіңіз. Көміртегі тотығы датчигін қолданыңыз: газдың рұқсат етілген концентрациясынан асқан кезде сигнал беретін арнайы сенсорды орнатыңыз. Улану кезіндегі алғашқы көмек Жәбірленушіні дереу таза ауаға шығарыңыз. Бөлмені желдетіңіз. Тар киімді шешіп, жәбірленушіні жатқызыңыз. Есін жоғалтқан кезде аммиакты иіскеңіз. Жедел жәрдем шақырыңыз.
Өрт қаупі бар маусым аяқталғаннан кейін жыл сайын дерлік жылыту маусымына дайындық басталады, өйткені тұрғын үйлер мен пәтерлердегі тұрмыстық өрттердің саны көбейеді, олардың себептері көбінесе жылу жүйелері мен қондырғыларын, пешті жылытуды, электр желісін шамадан тыс жүктеуді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу болып табылады., сондай-ақ қарапайым немқұрайлылық. Қауіпсіз жылыту кезеңі! Сондықтан өрт сияқты апаттың алдын-ала өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын орындау туралы қамқорлық жасау арқылы алдын-алуға болатындығын тағы бір рет еске салу өте маңызды. Өрттер мен басқа да жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін сізге қажет: жылыту маусымы басталмас бұрын пештерді, сондай-ақ пештердің мұржаларын және басқа да жылыту құралдарын тексеріп, жөндеңіз; пештер мен мұржаларды күйеден тазарту бастамас бұрын, сондай-ақ бүкіл жылыту маусымы кезінде тоқсанына кемінде бір рет; шатырларда барлық түтін құбырлары мен түтін арналары өтетін қабырғаларды ағартыңыз; Пештің от жағу саңылауының алдында еденді кемінде 50х70 см металл парақпен қорғаңыз; түтін арналарының сылағының тұтастығының бұзылуын анықтаған жағдайда оларды дереу жою үшін шаралар қабылдаңыз; Қатты отынмен жұмыс істейтін пештердің түтін құбырларына ұшқын сөндіргіштер орнатылады. Тыйым салынады: жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыру, сондай-ақ оларды қадағалауды жас балаларға тапсыру; Отынды, басқа жанғыш заттар мен материалдарды от жағу алдындағы параққа орналастырыңыз; Пештерді жағу үшін бензин, керосин, дизель отынын және басқа да ЛВЖ және ЖЖ қолдану; Пештерді қыздыру. Өрт немесе жану пайда болған кезде өртті сөндіруге, адамдар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялауға бір мезгілде кірісе отырып, "101", "112" телефондары арқылы дереу хабарлаңыз. Есіңізде болсын! Сіздің үйіңіздің әл-ауқаты мен қауіпсіздігі сізге ғана байланысты.
Су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында азаматтарға шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажеттігін ескертеміз.
Суға шығар алдында кеменің жарамдылығына және қажетті құжаттардың болуына көз жеткізу қажет. Барлық жолаушылар құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етіліп, оларды киіп жүруге тиіс. Қозғалыс кезінде орынсыз тұруға және ауысуға, кеме жүргізушісіне кедергі келтіруге және кемеге белгіленген мөлшерден артық жүк салуға жол берілмейді.
Шағын көлемді кемені алкогольдік масаң күйде басқаруға жол берілмейді. Қолайсыз ауа райы жағдайында суға шығуды кейінге қалдыру қажет.
Қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.
Аққулы ауданының ТЖБ
КүлдіңөзіөрттіңсебебіемесегероныңқұрамындаыстықкөмірболмасаБұлжағдайдаолқұрғақшөпжапырақтарнемесеқоқыссияқтыжанғышматериалдарғақұйылсатұтанукөзіболааладыКүлгебайланыстыөрттіңнегізгі себебі оны дұрыссақтамаужәнежоюсондайақағашотынынжағукезіндеөртқауіпсіздігіережелерінсақтамауболыптабыладыЕгеркүлдежаныптұрғанкөмірқалсаолжақынжердеорналасқанжанғышматериалдардыөртепжіберуімүмкінЕгерсізкүлдіағашғимараттардыңшөптіңнемесебасқажанғышматериалдардыңжанынақойсаңызөртшығуымүмкінКүлдіполигондарғанемесеормандыжерлергелақтыруегероләліыстықболсаөрттудыруымүмкін
Шөпті арнайы белгіленген орындарда, ғимараттардан, электр желілерінен және от көздерінен алыс жерде сақтау қажет.
Шөпті пештердің, жылыту құралдарының және түтін мұржаларының маңында жинауға және сақтауға тыйым салынады. Шөп сақталатын жерде темекі шегуге және ашық отты пайдалануға жол берілмейді.
Өрт сөндіру техникасының еркін өтуін қамтамасыз етіп, шөптің өздігінен тұтануын болдырмау үшін оның жағдайын тұрақты бақылаңыз.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз — шөп пен мүлікті өрттен қорғаңыз!
Отпен ойнамаңызбұлбалаларүшінөртқауіпсіздігініңнегізгіережесіолмынаныбілдіредісіріңкелердіоттықтардыөзбетіншежағуғажәнеересектерсізэлектрқұралдарынпайдалануғаболмайдыөйткенібұлқауіпті жәнеөртпенжарақатқаәкелуімүмкінБалаңызғаоттыңдос (тамақпісірунемесежылытуүшін) жәнеегерабайболмасаңызжауболуымүмкінекенінтүсіндірумаңыздыОлардықолжетпейтінжердесақтаңызтекересектердіңбақылауыменқолданыңызӨртқауіптіекенін түсіндіріңізолбалалардыңеркелігінентуындауымүмкінжәнеқайғылысалдарғаәкелуімүмкінЖелігеқосылғанэлектрқыздыруаспаптарыменойнауғажәнеолардықараусызқалдыруғаболмайдыЖертөлелердешатырлардажәнесарайлардаойындардыңқауіптілігі туралы ескерту. Баланы өртсөндіруқызметініңтелефоннөмірінестесақтауғаүйрету-101. ЕгербөлмедетүтінкөпболсасізаузыңызбенмұрныңыздыдымқылшүберекпенжауыпжорғалапжүруіңізкерекөйткенітөменгіжағындатүтіназболадыКейбірзаттардымысалы, жанғанбензиндінемесежұмысістейтінэлектрқұрылғысынсуменсөндіругеболмайтынынтүсіндіріңіз
Су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында азаматтарға шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажеттігін ескертеміз.
Суға шығар алдында кеменің жарамдылығына және қажетті құжаттардың болуына көз жеткізу қажет. Барлық жолаушылар құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етіліп, оларды киіп жүруге тиіс. Қозғалыс кезінде орынсыз тұруға және ауысуға, кеме жүргізушісіне кедергі келтіруге және кемеге белгіленген мөлшерден артық жүк салуға жол берілмейді.
Шағын көлемді кемені алкогольдік масаң күйде басқаруға жол берілмейді. Қолайсыз ауа райы жағдайында суға шығуды кейінге қалдыру қажет.
Қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.
Аққулы ауданының ТЖБ
Өрт қаупі бар маусым аяқталғаннан кейін жыл сайын дерлік жылыту маусымына дайындық басталады, өйткені тұрғын үйлер мен пәтерлердегі тұрмыстық өрттердің саны көбейеді, олардың себептері көбінесе жылу жүйелері мен қондырғыларын, пешті жылытуды, электр желісін шамадан тыс жүктеуді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу болып табылады., сондай-ақ қарапайым немқұрайлылық. Қауіпсіз жылыту кезеңі! Сондықтан өрт сияқты апаттың алдын-ала өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын орындау туралы қамқорлық жасау арқылы алдын-алуға болатындығын тағы бір рет еске салу өте маңызды. Өрттер мен басқа да жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін сізге қажет: жылыту маусымы басталмас бұрын пештерді, сондай-ақ пештердің мұржаларын және басқа да жылыту құралдарын тексеріп, жөндеңіз; пештер мен мұржаларды күйеден тазарту бастамас бұрын, сондай-ақ бүкіл жылыту маусымы кезінде тоқсанына кемінде бір рет; шатырларда барлық түтін құбырлары мен түтін арналары өтетін қабырғаларды ағартыңыз; Пештің от жағу саңылауының алдында еденді кемінде 50х70 см металл парақпен қорғаңыз; түтін арналарының сылағының тұтастығының бұзылуын анықтаған жағдайда оларды дереу жою үшін шаралар қабылдаңыз; Қатты отынмен жұмыс істейтін пештердің түтін құбырларына ұшқын сөндіргіштер орнатылады. Тыйым салынады: жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыру, сондай-ақ оларды қадағалауды жас балаларға тапсыру; Отынды, басқа жанғыш заттар мен материалдарды от жағу алдындағы параққа орналастырыңыз; Пештерді жағу үшін бензин, керосин, дизель отынын және басқа да ЛВЖ және ЖЖ қолдану; Пештерді қыздыру. Өрт немесе жану пайда болған кезде өртті сөндіруге, адамдар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялауға бір мезгілде кірісе отырып, "101", "112" телефондары арқылы дереу хабарлаңыз. Есіңізде болсын! Сіздің үйіңіздің әл-ауқаты мен қауіпсіздігі сізге ғана байланысты.