Балалар саябағындағы сенбілік
Аққулы ауданы балалар саябағында сенбілік ұйымдастырылды.
“Таза Қазақстан” республикалық акциясы шеңберінде, “Тәлім” жобасы аясында аудандық “Нұр-Ана” әлемі ұжымы және аудандық “Ақсақалдар кеңесі” құрамы мен алаңда ойнап жүрген мектеп оқушылары бірлесіп саябақты қоқыстан тазартты.
Бұл шараның басты мақсаты жас ұрпақты тазалық сақтауға шақырумен қоса, тәрбиелік мәні зор үлкеннен өнеге, кішіге ізет көрсетуге бағытталған.
#тазаказахстан♻️ #tazakazakhstan