Қарақала ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті
Кездесу барысында тұрғындар өз ойларымен бөлісіп, бірқатар мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, сумен жабдықтау, Қазы-Қарақала аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу,өрт көлігіне арналған гараж, Шәмші ауылындағы футбол алаңын және шөпті абаттандыру мәселелері қозғалды, барлық мәселелер бойынша толық түсініктемелер берілді.
Сонымен қатар, жеке қабылдау өткізілді. Онда мектепке жұмысқа орналасу, домбыра үйірмесін ашу, шабындық жерлер, тұрғын үйді күрделі жөндеу мәселелері талқыланды.
Халықтан келіп түскен мәселелер жиынтығы бойынша жауапты бөлімдер мен мекемелердің басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп, жеке бақылауға алынды.