Баспасөз-релизі
Аққулы аудандық мәслихатының
«2027 жылы Аққулы ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» шешім жобасына
Баспасөз-релизі
«Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ әзірлеуші орган ретінде Аққулы ауданындық мәслихатының «2027 жылы Аққулы ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» шешім жобасы әзірленді (бұдан әрі – шешім жобасы). Шешім жобасы Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) негізінде әзірленді.
Көрсетілген шешім жобасының мақсаты 2027 жылы Аққулы ауданының ауылдық елді мекендерге денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған мамандарға жүз мәрте айлық еселенген көрсеткішке тең сомасында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит:
ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.
Шешім жобасын жүзеге асыру жергілікті бюджеттен қаржылық шығынды талап етпейді.
Шешім жобасын қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға апармайды.
Шешім жобасы «Электрондық Үкімет» порталының ашық НҚА бөлімінде (17.11.2026 ж.-дан 03.12.2026 ж. аралығында) жарияланған.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15946164
11
18 қараша 2026 11:28
18 қараша 2026