Баспасөз релизі

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу, әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы әзірленді.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 4-тармағына сәйкес, 2026 жылғы 9 қазанда «электрондық үкіметтің» веб-порталының құрамдас бөлігі болып табылатын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15925351 аталған жоба түсіндірме жазбаларымен бірге жария талқылау үшін орналастырылды.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.