Әлеуметтік қызметкерлер учаскелеріне баруды бақылау

2024 жылғы 19 сәуірде үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшелерінің мамандары: үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі А.И. Иргалиева, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және анықтау жөніндегі әлеуметтік қызметкер А.П. Зинова әлеуметтік қызметкерлер учаскелеріне бақылау мақсатында Дубровное ауылдық округіне барды.
Әлеуметтік қызметкерлер үйде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді: Перова Е.А., Переверкина О.Г., Зебрева Д.А. (Дубровное с.), Федяева Т.В. ( Михайловка с.), округ бойынша 20 қарт азаматқа қызмет көрсетіледі. Тексеру барысында қызмет алушылар, әлеуметтік қызметкерлер жұмыс кестесіне сәйкес өз учаскелерінде болды. Зейнеткерлер арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге риза, ескертулер мен шағымдар болған жоқ.
Қызмет бағыты