«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
2025 жылдың есебі
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі, 6 мекен-жайында орналасқан, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі КММ 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 234 қызметті (жеке тұлғаларға - 68, заңды тұлғаларға - 168) құрайды, атап айтқанда «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» қызметі;
Мемлекеттік қызметтер «Е-лицензиялау» АЖ арқылы 100% көрсетілген;
Тізілімге сәйкес бөлім көрсететін барлық қызметтер тегін болып табылады;
Қағаз нысанында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 0;
Мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V ҚР Заңына сәйкес, бекітілген қағидалар негізінде көрсетіледі. Қызметтер баламалы негізде де, баламасыз негізде де көрсетіледі.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпарат беру мақсатында бөлім ғимаратында көрнекі ақпараты бар стендтер (стандарттар, регламенттер, көрсетілетін қызметтердің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініштердің үлгілері) орналастырылған. Осындай ақпарат бөлімнің сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
«Электрондық үкімет» порталына қызығушылықты арттыру мақсатында полиграфиялық материалдар (буклеттер, постерлер, брошюралар, бөлімнің орналасу схемасы), «электрондық үкімет» порталында электрондық мемлекеттік қызметтерді алуды түсіндіру бойынша роликтер пайдаланылады. Аталған материалдар бөлімнің стендінде және сайтында орналастырылған, ал полиграфиялық материалдар қосымша халыққа таратылған.
Мемлекеттік қызметтерді тиімді және сапалы көрсету мақсатында 2025 жылы жер қатынастары бөлімінде «Ашық есік күні», «Дөңгелек үстел» іс-шаралары, семинарлар өткізіліп, жоғары тұрған органдарға қайшылықтар бойынша хаттар жолданды.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мемлекеттік органның жауапты маманы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндіру семинарларына қатысты.
Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында бөлім түсіндіру іс-шараларын («Ашық есік күні», семинарлар, дөңгелек үстелдер, БАҚ және ақпараттық сайтта мақалалар жариялау) өткізу, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде стандарттар мен регламенттерді сақтау жөніндегі жұмысты жалғастырады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуді ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес 2025 жыл ішінде көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағым түскен жоқ.
Бөлім басшысының м.а Ж. Дүйсенбекова