GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Бөлім туралы
Все материалы
29 декабря 2023
"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жер қатынастар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жер қатынастар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.

Ақжар ауданының жер қатынастар бөлімі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (01.01.2022 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 4 түрін көрсетті:

  1. Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
  2. Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
  3. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;
  4. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;

2022 жылы 153 (жүз елу үш) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлық мемлекеттік қызметтер электрондық форматта көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартулар 9 қызмет. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және олардағы деректердің дұрыстығын анықтау бас тарту үшін негіз болды.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылған (заң, көрсетілетін қызметтердің қағидалары, өтініштердің үлгілері, шағымдар журналы). Сондай-ақ, бұл ақпарат мемлекеттік органның ресми сайтында орналастырылған. Бөлім ғимаратында электрондық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу бұрышы бар.

Қызметтер ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген" жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлер "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК оқу курсынан өтеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуді ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2022 жыл ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.

2022 жылы Бөлім мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты 15-тен астам ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, оның ішінде дөңгелек үстелдер, тікелей эфирлер, мақалалар, брошюралар тарату бойынша акциялар.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2022 жыл ішінде "СҚО Ақжар ауданының жер қатынастар бөлімі" ММ-не шағымдар түскен жоқ.

Бөлім басшысы Р.Е.Абильдин

30 ноября 2023
2023 ЖЫЛҒЫ 24 ҚАЗАНДАҒЫ КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ЖЕР КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ШЕШІМДЕРІ

2023 жылғы 24 қазандағы конкурс қорытындылары туралы жер комиссиясының қорытынды шешімдері

30 ноября 2023
2023 ЖЫЛҒЫ 24 ТАМЫЗДАҒЫ КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ЖЕР КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ШЕШІМДЕРІ

2023 жылғы 24 тамыздағы конкурс қорытындылары туралы жер комиссиясының қорытынды шешімдері

30 ноября 2023
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АҚЖАР АУДАНЫ ӘКІМІДІГІ» КММ 49 ЖЫЛ МЕРЗІМГЕ ШАРУА НЕМЕСЕ ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҒЫН, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІН ЖҮРГІЗУ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТЕГІ ЖӘНЕ ЖЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕР ТЕЛІМДЕРІНЕ УАҚЫТША ӨТЕУЛІ ЖЕР ПАЙДАЛАНУ (ЖАЛҒА АЛУ) ҚҰҚЫҒЫН БЕРУ БОЙЫНША КОНКУРС ӨТКІЗЕДІ

«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімідігі» КММ 49 жыл мерзімге шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жер комиссиясымен Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43 бабының 2 тармағына, 43-1 бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген, Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Хабарламаның (хабарлама) бірінші жариялымынан күнтізбелік отыз күн кезеңі бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Целинная көшесі, 13, 1-қабат, «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жер қатынастар бөлімі» ММ. Өтінімдерді қабылдау күнінен бастап 15 жұмыс күн ішінде осы конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылданады. 2023 жылдың 03 тамыздан бастап, 2023 жылдың 23 тамызды қоса алғанда өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылады. Нәтижелерді шығарған күн конкурстың соңғы күні болып саналады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні конкурстың нәтижесі шығарылады.

Конкурстың өтетін күні, уақыты және орны: 2023 жылдың 24 тамыз айында, сағат 9:30-да, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Целинная көшесі, 15, 2-қабат, отырыс залы мекен-жайы бойынша Ақжар ауданы әкімдігінің ғимаратында конкурстың нәтижелері шығарылады.

Конкурстың шарттары:

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірі беріліп және өтінім берушіге хабарлама беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексереді, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалайды, салыстырады.

Балдар міндеттемелердің мынадай өлшемшарттары бойынша беріледі:

бір гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі туралы, мың тенге:

1) суарылмайтын егістікке:

50-ге дейін - 1 балл;

50-ден 70-ке дейін - 5 балл;

70-тен 90-ға дейін - 10 балл;

90-нан 110-ға дейін - 15 балл;

110-нан жоғары - 20 балл;

2) суарылатын егістікке (суарылатын жерлер):

200-ге дейін - 1 балл;

200-ден 300-ге дейін - 5 балл;

300- ден 400-ге дейін - 10 балл;

400-ден 500-ге дейін - 15 балл;

500-ден жоғары - 20 балл;

3) жайылымдық және шабындық алқаптарға:

5-ке дейін - 1 балл;

5-тен 10-ға дейін - 5 балл;

10-нан 20-ға дейін - 10 балл;

20-дан 30-ға дейін - 15 балл;

30-дан жоғары - 20 балл.

Ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшысының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «2023 жылғы «24» тамызға дейін ашуға болмайды» деген сөздер жазылады.

Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.

Конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз өтінім келіп түскен және конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурске қатысуға екіден аз қатысушы жіберілген жағдайларда өткізілмеді деп танылады.

Жер комиссиясының отырысы Жер кодексінің 43 бабының 2 тармағына сәйкес аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен міндетті түрде тіркеледі. Жер комиссиясының отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен тіркеуді аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтерді және қосымша ақпаратты Ақжар ауданы әкімінің azh.sko.gov.kz «СҚО Ақжар ауданының жер қатынастар бөлімі» ММ ozo-azh.sko. gov.kz сайтында немесе 8(715)46-21-3-44; 8(715)46-79-0-60 тел. бойынша алуға болады.

Конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің тізімі

Жер учаскелерінің сипаттамалары

Алқаптардың құрамы (суарылмайтын)

Бонитет балы

Ауданы (га)

Топырақтың сапалық сипаттамасы

Орналасқан жері

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

Сумен қамтамасыз етілуі

№ 1 Лот

Табиғи жайылымдар- 2068 га, жақсартылған жайылымдар- 1437 га

24,1

3561

Дала аймағы,топырақ түрі- нақты қара топырақ

Ленинград ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

Қамтамасыз етілген



30 ноября 2023
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімідігі» КММ 49 жыл мерзімге шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жер комиссиясымен Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43 бабының 2 тармағына, 43-1 бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген, Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Хабарламаның (хабарлама) бірінші жариялымынан күнтізбелік отыз күн кезеңі бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Целинная көшесі, 13, 1-қабат, «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жер қатынастар бөлімі» ММ. Өтінімдерді қабылдау күнінен бастап 15 жұмыс күн ішінде осы конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылданады. 2023 жылдың 17 тамыздан бастап, 2023 жылдың 07 қыркүйекті қоса алғанда өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылады. Нәтижелерді шығарған күн конкурстың соңғы күні болып саналады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні конкурстың нәтижесі шығарылады.

Конкурстың өтетін күні, уақыты және орны: 2023 жылдың 08 қыркүйек айында, сағат 9:30-да, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Целинная көшесі, 15, 2-қабат, отырыс залы мекен-жайы бойынша Ақжар ауданы әкімдігінің ғимаратында конкурстың нәтижелері  шығарылады.

Конкурстың шарттары:

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу  үшін  уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі  конкурсқа қатысуға өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірі беріліп және өтінім  берушіге хабарлама беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу  үшін  уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексереді, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалайды, салыстырады.

Балдар міндеттемелердің мынадай өлшемшарттары бойынша беріледі:

бір гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі туралы, мың тенге:

1) суарылмайтын егістікке:

50-ге дейін - 1 балл;

50-ден 70-ке дейін - 5 балл;

70-тен  90-ға дейін - 10 балл;

90-нан 110-ға дейін - 15 балл;

110-нан жоғары - 20 балл;

2) суарылатын егістікке (суарылатын жерлер):

200-ге дейін - 1 балл;

200-ден 300-ге дейін - 5 балл;

300- ден 400-ге дейін - 10 балл;

400-ден 500-ге дейін - 15 балл;

500-ден жоғары - 20 балл;

3) жайылымдық және шабындық алқаптарға:

5-ке дейін - 1 балл;

5-тен 10-ға дейін - 5 балл;

10-нан  20-ға дейін - 10 балл;

20-дан 30-ға дейін - 15 балл;

30-дан жоғары - 20 балл.

Ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші  басшысының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «2023 жылғы «08» қыркүйекке дейін ашуға болмайды» деген сөздер жазылады.

Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.

Конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз өтінім келіп түскен және конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурске қатысуға екіден аз қатысушы жіберілген жағдайларда өткізілмеді деп танылады.

Жер комиссиясының отырысы Жер кодексінің 43 бабының 2 тармағына сәйкес аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен міндетті түрде тіркеледі. Жер комиссиясының отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен тіркеуді аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтерді және қосымша ақпаратты Ақжар ауданы әкімінің azh.sko.gov.kz «СҚО Ақжар ауданының жер қатынастар бөлімі» ММ ozo-azh.sko. gov.kz сайтында немесе  8(715)46-21-3-44; 8(715)46-79-0-60 тел. бойынша алуға болады.

Конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің тізімі

Жер учаскелерінің сипаттамалары

Алқаптардың құрамы (суарылмайтын)

Бонитет балы

Ауданы (га)

Топырақтың сапалық сипаттамасы

Орналасқан жері

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

Сумен қамтамасыз етілуі

№ 1 Лот

Егістік - 57 га

52,9

57

Дала аймағы,топырақ түрі- нақты қара топырақ

Үлкен Қараой округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

Қамтамасыз етілген

№ 2 Лот

Егістік - 81 га

52,8

81

Дала аймағы,топырақ түрі- нақты қара топырақ

Үлкен Қараой округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

Қамтамасыз етілген



30 ноября 2023
2023 ЖЫЛҒЫ 22 МАМЫРДА «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АҚЖАР АУДАНЫНҢ ЖЕР ҚАТЫНАСТАР БӨЛІМІ» ММ-ДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕ

2023 жылғы 22 мамырда «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданынң жер қатынастар бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жүргізілуде.

Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады.

Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 2023 жылғы 21 мамырда дейін (қоса алғанда) 21-3-44 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.

30 ноября 2023
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ АНОНСЫ

«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жер қатынастар бөлімі» ММ 2023 жылғы 16 мамыр мен 22 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Барлық мүдделі тұлғалар талдау жүргізу кезінде жұмыс тобының құрамына қатыса алады. Талдауға қатысу мәселелері бойынша 2023 жылғы 15 мамырға дейін 21-344 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 11-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес талдау объектісі туралы ақпаратты жинау және талдау;

2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 18, 19, 20 және 21-тармақтарына сәйкес талдамалық анықтама дайындау;

3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының тізбесін қалыптастыра отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау;

4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің осы үлгілік қағидаларының 25-тармағына сәйкес бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде шаралар қабылдау.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы