Сәтбаев қаласында тұрғындардың спортпен шұғылдануына және белсенді демалысына арналған жаңа спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда.
Жаңа ғимаратта спорттың бірнеше түрімен айналысуға арналған заманауи залдар қарастырылады. Сонымен қатар кешеннің сыртқы аумағында ашық спорт алаңдарын жабдықтау көзделген.
Нысан пайдалануға берілгеннен кейін бұқаралық спортты дамытуға, жаттығулар, жарыстар және түрлі спорттық іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді. Әсіресе балалар мен жастар үшін спортпен жүйелі айналысуға және бос уақытын тиімді өткізуге қосымша жағдай жасалады.
Құрылыс жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қазіргі уақытта нысандағы жұмыстар жалғасуда, құрылыс барысы мен сапасы тиісті бақылауда.
Жобаның іске асырылуы Сәтбаев қаласының спорттық инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындар үшін дене шынықтырумен және спортпен айналысуға қолайлы әрі қолжетімді жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен: «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталғандығын хабарлайды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен: 2025 жылғы 14 ақпаннан 14 наурыз аралығында «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Жезқазған қаласы, Шевченко көшесі, 36 үй мекен - жайында орналасқан «Казэнергоцентр» ЖШС-ның Ұлытау облысының Жезқазған, Сәтбаев, қалаларында, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында тұтынушылар үшін электр энергиясын бөлшек саудада өткізу (энергиямен жабдықтау) қызметіне шекті бағаның алдағы көтерілуі туралы ақпаратын қарауға байланысты жария тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды.
Акпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес ұсынылған.
Жария тыңдаулар:
- Жаңаарқа ауданында 2024 жылғы 10 маусым сағат 12:00-де Жаңаарқа кенті, С. Сейфуллин даңғылы, 13 үй, «Жаңаарқа МДО» КМҚК мекенжайы бойынша;
- Жезқазған қаласында 2024 жылғы 11 маусым сағат 10:00-де, Бульвар Ғарышкерлер, 35 үй, "AMANAT" партиясының ғимараты мекенжайы бойынша;
- Сәтбаев қаласында 2024 жылғы 11 маусым сағат 15:00-де, Сәтбаев даңғылы 108, әкімдік ғимараты, үлкен зал мекенжайы бойынша;
- Ұлытау ауданында 2024 жылғы 12 маусым сағат 14:00-де, Ұлытау ауылы,
Абай көшесі 1, «Ұлытау аудандық мәдениет үйі» КМҚК мекенжайы бойынша өткізіледі.
Сондай-ақ, қоғамдық тыңдаулар Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимінде көрсетіледі https://www.facebook.com/profile.php?id=100086031623395&mibextid=dGKdO6)
Жария тыңдауларға қатысуға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар, қоғамдық бірлестіктер, тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының, табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.
Баға жобасы туралы, сондай-ақ «Қазэнергоцентр» ЖШС қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінен жария тыңдауларға қатысушылар экономикалық негізделген есептеулермен өзгеру себептері туралы ақпаратты сұрату құқығында.
Департаменттың байланыс телефоны: 8 (7102) 76 02 47.
«Казэнергоцентр» ЖШС-ның байланыс телефоны: 8(7212) 25-82-15.
Мемлекет басшысына су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берілді
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің баяндамасынан:
✔су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары Үкіметтің тікелей қадағалауымен жүргізіліп жатыр;
✔қазіргі кезде 61352 адам өз үйлеріне оралған. Эвакуациялық пункттердегі тұрғындарға (5452 адам) барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр;
✔20 мамырдағы жағдай бойынша 26 мыңнан астам отбасына 100 АЕК мөлшерінде бірреттік төлем беру үшін 10 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген (жалпы, 32655 өтініш келіп түскен). Бұл жұмыстар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Абай, Ұлытау облыстарында толықтай аяқталған;
✔Солтүстік Қазақстан облысында бірреттік қаржылай көмекті 6090, Қостанай облысында 4085, Атырау облысында 3730 отбасы алған;
✔зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда баспаналары қираған 239 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге қоныстанған. Атап айтқанда, Қостанай облысында 146, Ақмола облысында 57, Ақтөбе облысында 28, Қарағанды облысында 6, Павлодар облысында 2 баспана тұрғындардың игілігіне берілген;
✔өңірлерде 873 жаңа үйдің құрылысы жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда, Батыс Қазақстан облысында 357, Қостанай облысында 88, Ақтөбе облысында 153, Атырау облысында 70, Солтүстік Қазақстан облысында 200, Павлодар облысында 5 тұрғын үй салынып жатыр;
✔қазірге дейін 891 отбасыға үйлерін жөндеу және қалпына келтіру шығындары үшін жалпы сомасы 1,9 миллиард теңге көлемінде өтемақы төленген;
✔жалпы, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда 11137 тұрғын үй тексеріліп, 7863 нысанды бағалау жұмыстары аяқталған;
✔бағалау ісінің аяқталуына қарай, зардап шеккен тұрғындарға аса қажетті дүние-мүлік сатып алу үшін 150 АЕК-ке дейін қосымша өтемақы төленіп жатыр. Сондай-ақ өлген малдың өтеуі үшін мемлекеттен бөлінген қаржылай көмектің көлемі 1,3 миллиард теңгеден асқан;
✔мемлекет қолдауынан бизнес те тыс қалмайды. Тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын өтеу механизмдері анықталып, тиісті жұмыстар басталып кетті. Бүлінген үй мен мүлікті жедел бағалау үшін қосымша ресурстар тартылды.
Мемлекеттік рәміздер біздің тәуелсіздігімізді бейнелейді, патриотизм деңгейін білдіреді. Оларға деген көзқарасымыздан-ақ біз өз елімізді жақсы көреміз бе, жоқ па деп те айтуға болады.
Мемлекеттік органдардың идеологиялық жұмысының негізгі бағыттарының бірі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын, Мемлекеттік Гимнін насихаттау жөніндегі жұмыс болып табылады. Патриоттық тәрбиеде оларды қолданудың негізгі атрибуттарын дұрыс пайдалану мәселелері бірінші кезектегі мәселе болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында ағымдағы жылдың 21 мамырында Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында "Нұр парапсат" қоғамдық бірлестігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша өңірдің мемлекеттік мекемелерінің басшыларына елдің басты атрибуттарын пайдалану және насихаттау мәселелері бойынша семинар-тренинг өткізді.
Семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау саласындағы соңғы Нормативтік-құқықтық құжаттармен танысты, тыңдаушыларға Мемлекеттік Туды, Мемлекеттік Елтаңбаны пайдалану мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
Семинардың модераторы Қарағанды және біздің облысымызда танымал "Қазақстан азаматтары" қоғамдық бірлестігі жобаларының жетекшісі, мемлекеттік саясатты, Ел Президентінің жыл сайынғы жолдауларын түсіндіру және насихаттау жөніндегі лектор, мемлекеттік рәміздердің мониторингі жөніндегі Қарағанды облыстық сараптамалық тобының мүшесі Кабулова Шахмарал Майбекқызы болды
Семимнардың жұмысына келесі мемлекеттік мекемелердің өкілдері - білім бөлімі ,мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,дене шынықтыру және спорт бөлімі, мұрағаттар және құжаттама бөлімі, тұрғын үй инспекциясы және ТКШ бөлімі және т. б., сондай-ақ өңірдің білім беру мекемелері әкімшіліктерінің өкілдері-жалпы білім беретін мектептер №9,№3,№25,№7,№5,№4, № 1 және т.б. ұжымдар белсенді қатысты. Семинар жұмысына құқық қорғау органдарының және де қалалық соттың қызметкерлері де қатысты. Семинар-тренингпен барлығы 50-ден астам адам қамтылды.
«Жадымда әлі жаңғырық» атты Чернобыль апатын халықаралық еске алу күніне арналған іс-шара өтті. Салтанатты іс-шара Достық үйінің алдында Чернобыль құрбандарына арналған гүл шоқтарын қойып еске алумен басталды. Чернобыль апатын жоюға ат салысқан ардагерлер мен колледж студенттердің қатысумен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Тағдырлы оқиғаға қатысты естеліктер айтылып, құрбандар еске алынды.
Талдамалық анықтама
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша
«Сәтбаев қаласының Ішкі саясат бөлімі» ММ
Сәтбаев қ. 2024 ж. 9 сәуір
«Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ 2024 жылдың 27 ақпандағы № 9 бұйрығының негізінде төмендегі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау өткізілді:
1) ММ қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) ММ-нің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі 2024 жылдың 7 наурызынан бастап 7 сәуірге дейін.
Қызметтің талдау кезеңі: 2023 жыл және 2024 жылдың 1 тоқсаны.
«Ішкі саясат бөлімі Сәтбаев қаласының» ММ (бұдан әрі – Бөлім) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
2024 жылға талдау көрсеткендей, Бөліммен 2023 жылы және 2024 жылдың 3 айда 147 бірлік бұйрықтар (2023ж. – 124 бірлік., 3 ай. 2024ж. – 23 бірл.) шығарылғандығын көрсетті. Оның ішінде басшының негізгі қызмет бойынша бұйрықтары – 32 бірлік (2023 ж. – 20 бірлік., 3 ай. 2024ж. – 12 бірл.), туралы еңбек демалысына жіберу, ескертулер, іссапарлар, әкімшілік-шаруашылық мәселелер бойынша – 66 бірлік (2023 ж. – 55 бірлік., 3 ай. 2024ж. – 11 бірл.), жеке құрам туралы – 49 (2023 ж. – 49 бірл.).
Есепті кезең үшін нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Ұйымдастырушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау-басқарушылық қызметтің.
«Сәтбаев қаласының Ішкі саясат бөлімі» ММ қызметкерлерінің штаттық саны 14 бірлік, нақты саны – 14 бірлік, бос жұмыс орындары – жоқ. Оның ішінде 5 бірлік мемлекеттік қызметші (1- басшы, 2 сектор меңгерушісі, 2 – бас маман), 9 бірлік келісім-шарт негізінде.
Лауазымға іріктеу және тағайындау тәртібі мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының Персоналды басқару қызметімен жүргізіледі. Бос жұмыс орны, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізімі, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген тұлғалар туралы мәліметтер ЕПИРГО порталында жарияланады. Сонымен қатар, әңгімелесуге арналған сұрақтар персоналды басқару қызметі қалыптастырады, және кандидаттар үшін барлық жағдай тең. Әңгімелесу өткізілгеннен кейін комиссия мүшелері дауыс береді және өз бағасын қояды.
Лауазымға іріктеу және тағайындау тәртібі жұмыскерлерді шарттық негізде қолданыстағыеңбек заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Заң бұзушылықтарды, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзушылықтарды немесе шектеулерді және заңнамаға сәйкес басқа да бұзушылықтарды жасаған немесе жасаған тұлғаларға тәртіптік шаралар қолданылады.
Сонымен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 4 тәртіптік жазалау фактілері. Сонымен, ескерту түріндегі тәртіптік жазалар 04.07.2023 ж. «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Н. Камилов және Ішкі саясат бөлімінің статист-бухгалтері С. Мұхаметшина алды. (негіздеме экономика және қаржы бөлімі басшысының қызметтік хаты Сәтбаев қаласының). Сондай-ақ 26.12.2023 ж. «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Н. Камилов сөгіс жариялау түрінде тәртіптік жаза алды (Ұлытау облысы прокурорының бірінші орынбасары Қ.Рахметовтың 19.12.2023 жылғы қызметтік хатының негізі). Келесі тәртіптік жаза 07.2023 ж. ескерту түрінде статист А. Созақбайға қабылданды (негіздеме Сәтбаев қаласының Ішкі саясат бөлімінің инспектор жазбасы 01.07.2023ж.).
2024 жылдың 1 тоқсанына «Сәтбаев қаласының Ішкі саясат бөлімі» ММ 1 тәртіптік жазалау фактісі 29.02.2024 жылғы «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Н. Камиловқа қатаң сөгіс жариялау түрінде тіркелген (негіздеме Сәтбаев қаласының әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Г. Таңсықбаеваның қызметтік хаты).
Тәртіптік жазаны алып тастау туралы бұйрықтар жоқ. Тәртіптік жазаларды алып тастау 6 айдан кейін, сондай-ақ ескертулер жойылған кезде жүргізіледі.
Алынбаған тәртіптік жазалар болған жағдайда қызметкерлерді көтермелеу жүргізілмейді.
Ұсынымдар: «Ішкі саясат бөлімі Сәтбаев қаласының» ММ-де арналған интернет-ресурстарда бос жұмыс орындарын уақытылы орналастыру бойынша жұмысты жалғастыру.
Талдау барысында анықталған жақын туыстарының, жұбайларының және жекжаттарының бірлесіп қызмет (жұмыс) жасау фактілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 14-бабының 1-тармағына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды қоспағанда), Қазақстан Республикасының Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелері) жақын туыстары және (немесе) жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты лауазымдарды атқара алмайды. , сондай-ақ жеке тұлғалар.
Бірлескен қызмет фактілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде (жақын туыстарының жұмыстары) Бөлімде анықталған жоқ. Мүдделер қақтығысы фактілері жоқ.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін өкілеттіктер мен нормаларды талдау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.
Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын одан әрі күшейту, оның тиімділігін арттыру мақсатында ұсынылғандар:
- 2024 жылға арналған № 4 «Ескерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағдарламаны іске асыру бағдарламасы бойынша жұмыс істеу.
- қолданыстағы заңнаманы және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту сабақтарын жүйелі түрде өткізу;
- ұжымда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Ішкі саясат бөлімінде көрсетілмейді мемлекеттік қызметтер.
Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру тәртібінің болмауы немесе ішінара реттелуі (қажетті құжаттар, қызмет көрсету нысаны, мерзімдері, нәтижесі, бас тарту негіздері және т.б.) табылмады. Рұқсат беру функцияларын жүзеге асырудың нақты рәсімдерінің заңнамалық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жоқ. Ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істемеуі белгіленген тәртіптің бұзылуына әкеп соғатын рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру кезінде қолданылатын жүйелер анықталған жоқ.
Бланкілерді сақтау үшін, есепке алу және беру үшін жауапты тұлғалар «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ іс жүргізуші арқылы (үшін хаттар бланкісі) және кадр мәселелері бойынша әдіскер (бұйрық бланкісі үшін) болып табылады. Бланкілер мен ұйғарымдарды белгіленбеген орындарда сақтау анықталған жоқ. Бақылау іс-шараларын жүргізу мерзімдерін бұзушылықтар жоқ. Құжаттарды талап ету фактілері, тізбесі құқықтық актілерде көзделмегендердің тізбесі анықталған жоқ. Ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде бақылау іс-шараларының процестерін «қолмен» түзету мүмкіндігі жоқ.
2023 жыл үшін жалпы сомада қаржыландырудың жылдық жоспары 221 838 мың теңге бекітілді, оның ішінде 31 238 мың теңге жалақыға, 1 086 мың теңге іссапар шығыстарына, 159 314 мың теңгеге көрсету қызметтер бөлінді. Игерілді 97,7%. Қайтару сомасы 5 028 мың теңгені құрады.
2023 жылы мемлекеттік қызметкер мен техперсоналдардың медициналық сақтандыру қорының жарнасының жіберіліп қайтарылу, әлеуметтік аударымның қайтарылуы, зейнетақы аударымдардың қайтарылуы фактілерінің орын алуы анықталды.
Бүгінгі күні қателер ішінара жойылды.
2023 жыл қаңтар-желтоқсан айы жасалған шарттың жалпы сомасы 167 274 мың. теңге құрады оның ішінде:
Тауарларды сатып алу –12 988 мың. тг. сомаға
Қызметтерді сатып алу –154 286 мың. тг. сомаға
2024 жылдың қаңтар-наурыз айлары үшін жасалған шарттың жалпы сомасы құрады 46 517 мың теңге оның ішінде:
Тауарларды сатып алу – сомаға 837 мың. тг.
Қызметтерді сатып алу – сомаға 45 680 мың. тг.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында келесілер анықталды:
Жоспарланған сома 300 мың теңге, 267 857 теңге сомасында ойналды.
Жоспарланған сома 300 мың теңге, 267 857 теңге сомасында ойналды.
Конкурс 2023 жылдың ақпанында аяқталғаннан кейін шағым жасалды және конкурсты қайта жариялау туралы ІМАД хабарламасы берілді. Іс-шараны ұйымдастыру және өткізу бірінші тоқсанда жүргізілмегендіктен бірінші тоқсан үшін 7 млн теңге көлемінде соманы қайтару болды. Аталған іс-шаран екінші конкурспен 18 750 мың теңге сомасына өткізілді.
Техникалық ерекшеліктерге сәйкес ауызашар, 70 топтық кездесу және 6 спорттық іс-шара өткізу көзделген. Алайда, осы ерекшеліктерде көрсетілген іс-шаралар өткізілмеген, мысалы: ауыз ашар, топтық кездесулер мен спорттық іс-шаралардың толық емес көлемінде. Яғни, 70 топтық кездесудің орнына 36 кездесу, 6 спорттық іс-шараның орнына 2 кездесу өткізілді.
Бұдан басқа іс-шара өтетін орынды жалға алу; сценарий; білікті жүргізушілермен қамтамасыз ету, музыкалық нөмірлер (жастар арасындағы танымал әншіні шақыру), сертификаттар мен гүлдер (бір букетте үш розадан кем болмау керек, грант иегерлерін марапаттау үшін ұлттық киім киген қыздарды қамтамас ету); LED экранға фон (банер), байқауды ұйымдастыру қарастырылған.
Осылайша, гранттық сомадан (30 млн теңге) қалған қалдық сомасында (1 150 000 теңге) техникалық ерекшелікте көрсетілген барлық тармақтардың орындалуы сапасыз болуы мүмкін.
Техникалық спецификациямен «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық іріктеу салтанатты іс - шарасын өткізу, видеороликтер дайындау; естелік және бағалы сыйлықтар сатып алу (қор 2600 мың теңгеден кем емес); рамкадағы дипломдар, сертификаттар, алғыс хаттар сатып алу; байқау жеңімпаздарын марапаттау үшін гүл шоқтарын сатып алу; салтанатты іс-шараға арналған концерттік нөмірлерді қамтамасыз ету; сахнаны безендіру, т.б. қарастырылған.
Осылайша, 500 мың теңге сомасына техникалық ерекшелікте көрсетілген барлық тармақтардың орындалуы сапасыз болйы мүмкін.
Іс-шара қарызға өткізіліп, шартқа қол қойылғаннан кейін жеткізушімен төленетін қаупі бар.
Жоспарланған сома 3 000 мың теңге, 2 678 571 теңге сомасына ойналды.
Жоспарланған сома 1 500 мың теңге, 1 259 357 теңге сомасына ойналды.
Осылайша, 2024 жылдың басында бюджеттік өтінім 46 млн теңгеге дайындалды. Алайда бюджеттік комиссия бюджетті талқылау және бекіту кезінде 26 млн. теңге сомасына мақұлдады. Техникалық ерекшелік бастапқы сомасы 46 млн. теңгеге дайындалды.
Осылайша, техникалық сипаттамада көрсетілген барлық тармақтардың орындалуы сапасыз болуы мүмкін.
Ұсынымдар:
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар арқылы жүзеге асырылатын жобаларды іске асыру үшін бюджеттік қаражаттарды сапалы жоспарлау;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдер фактілерін жою;
- жеке және заңды тұлғалармен жасалатын шарттар кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша шараларын қабылдау.
Бөлім жұмысында ақпараттық жүйелер қолданылады: ҚБҰ «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі»; ААЖ eQyzmet; «Мемлекеттік органдардың интранет-порталы» МОИП; ААЖ Enbek; Азаматтардың барлық өтініштерді қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы «Е-өтініш»; «Электрондық мемлекеттік сатып алу порталы» ААЖ; «Қазынашылық-клиент» АЖ, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және мүдделер қақтығысын барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
Қорытынды:
Анықталған сыбайлас жемқорлық функцияларын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық деңгейіне әсер етуі мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейіне бағалау жүргізілді. Атап өткен жөн, талданып отырған кезеңде анықталған сыбайлас жемқорлық сипатындағы функцияларды жүзеге асыру кезінде мыналарды бірнеше тәуекелдер анықталды. Сыбайлас жемқорлық тудыратын функцияларды жүзеге асыру кезінде туындауы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ықтималдылығын, пайда болу жиілігі мен әсерлерін ескере отырып, анықталған тәуекелдер туындау ықтималдығы төмен және оларды толығымен түзетуге болады.
Қажет:
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесіне енгізілген қызметшілерге өз қызметін қолданыстағы заңнамаға және бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауының алғышарттарына жол бермей жүзеге асыру қажет;
- талаптарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың жоспары мен қорытындыларын интернет-ресурста уақтылы орналастыру.
- белгіленген мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін;
- ұсыныстардың орындалуын бақылау мен мониторингті өзіме қалдырамын.
Сәтбаев қаласы
ішкі саясат бөлімнің басшы А. Құрақбай
"Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының штабы жастарды жазғы демалыс уақытында жұмысқа шақырады
🔸Жобаға 14 – 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
«Жасыл ел» қатарына бірінші кезекте көпбалалы немесе әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар және жұмыссыз жастар қабылданады.
🔸Құжаттар тізімі:
- Өтініш
- Баланың жеке куәлік көшірмесі немесе туу туралы куәлік көшірмесі
- Есеп шот иесінің жеке куәлік көшірмесі
- 20 сандық есеп шот
- Медициналық справка 086
- Отбасы құрамы туралы анықтама
❗Құжаттар 2024 жылғы 10 сәуір мен -10 мамыр аралығында қабылданады!
📌Мекенжай: Сәтбаев Қаласы, Тәуелсіздік 30А, "Жастар ресурстық орталығы"
Сағат: 09:00-17:00 дейін 13:00-14:30 үзіліс
📞Сұрақтар бойынша:
8 7079658899; 8 702 517 6434; 7-31-93
нөміріне хабарласуға болады
«Сәтбаев қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы.
Хабарландыру!
«Сәтбаев қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 ҮББ жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.
«Сәтбаев қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағыт бойынша жүргізілді:
1) «Сәтбаев қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) «Сәтбаев қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған байланысты, барлық ниет білдірген тұлғалардан осы талқылауға 04.04.2024 жылы сағат 11:00-де, Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы,
Қаныш Сәтбаев көшесі, 108/1, 206 кабинет мекенжайы бойынша қатысуды сұраймыз.
Көпшілік талқылауға қатысқысы келетіндер 8-710-63-3-87-02 сенім телефоны арқылы хабарласа алады.