Меню

Страницы

Статья

Зайырлылық – қазақстандық қоғамның рухани дамуының кепілі

ҚАЗАҚСТАН ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ БҮКІЛ ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ. ЕЛІМІЗДЕ ТҮРЛІ ДІН ӨКІЛДЕРІ ТАТУ-ТӘТТІ ӨМІР СҮРІП ЖАТЫР. МЕМЛЕКЕТ АЗАМАТТАРДЫҢ ДІНГЕ ДЕГЕН КӨЗҚАРАСЫН АНЫҚТАУҒА КЕДЕРГІ ЖАСАМАЙДЫ. ДІНИ БЕЛГІСІ БОЙЫНША ЕШКІМДІ КЕМСІТУГЕ БОЛМАЙДЫ. ӘРКІМ ӨЗІНЕ ҚОЛАЙЛЫ НЕМЕСЕ ҚАЖЕТ ДЕП САНАЙТЫН СЕНІМДІ ӨЗІ АНЫҚТАУҒА ҚҰҚЫЛЫ. КЕЗ КЕЛГЕН НЫСАНДА БІР НЕМЕСЕ БАСҚА ДІНДІ ҚАБЫЛДАУҒА МӘЖБҮРЛЕУГЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ. СОНДЫҚТАН БҮГІНГІ ТАҢДА, ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. БІЗДІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ЖАСТАРЫМЫЗДЫҢ ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ КЕТУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУ. СОНДЫҚТАН БІЗ ОЛАРҒА ОСЫНЫ ТҮСІНДІРІП, ДҰРЫС ЖОЛҒА САЛУЫМЫЗ КЕРЕК.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес 2017 жылдан бастап оқу үдерісіне «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы енгізілді, ол «Дінтану негіздері» факультативтік курсын алмастырды. Бұл курсты тарих пәнінің мұғалімдері мемлекеттік білім стандартына сәйкес үлгілік оқу жоспары бойынша жүргізеді. Факультативтік курстың мақсаты: - оқушыларға зайырлылық қағидатын құндылық ретінде жеткізу және оның мәнін мемлекет тұрақтылығының маңызды факторы ретінде қабылдауға үйрету, зайырлылық негізінде дінді зерттеп, түсінуге үйрету; - оқушылардың руханиадамгершілік құндылық, мемлекет тұрақтылығының маңызды факторы ретіндегі зайырлылық туралы түсініктерін қалыптастыру, дінді мәдениет, білім жүйесі ретінде қабылдауға үйрету және ой-өрісін кеңейтуге ықпал ету; - ар-ождан бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің тарихы мен қазіргі жағдайы, жаңа діни ағымдар, деструктивті діни ағымдар және тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білім беру; - оқушыларды экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологиясын қабылдамауға үйрету, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде олардың бойында толеранттылық сезімін оятып, гуманистік дүниетанымын қалыптастыру. Көріп отырғанымыздай зайырлылық пен руханият бірбіріне қайшы келмейді, өйткені зайырлылық ұғымы басқару нысаны, ал руханилық діннің құрамдас бөлігі болып табылады. Зайырлы мемлекетте әртүрлі діни ағымдар болуы мүмкін, олар үшін зайырлы мемлекетте барлық азаматтардың заңға бағынуы, оның алдында тең болуы заңдылық. Бірақ ең бастысы, зайырлылықтың идеологиялық мазмұны жоқ екенін, зайырлылық идеологиялық бейтараптық және басқару нысаны екенін түсінуіміз керек. Зайырлы азаматтың бейнесі – бұл ең алдымен заңға бағынатын азамат; өз халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қастерлеу, сақтау және радикалды деструктивті діни идеологияға теріс көзқарас таныту. Бұл курстың жалпы білім беретін мектептерде сапалы оқытылуы зайырлылық қағидаттардың нығаюына септігін тигізетіні және мемлекеттің көкейтесті шешімі екені сөзсіз.

Осакаров ауданының білім бөлімі

Дата публикации
13 июня 2022
Дата обновления
13 июня 2022
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
20 сентября 2023
Традиции казахов и псевдосалафизм
21 августа 2023
«Светскость – залог развития государства»

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы