Міне, ежелден еркіндік аңсаған азат халқымыз тəуелсіздігінің 31 жылдығына табалдырық аттады. Тəуелсіздік атты бұл тəтті сөздің тұңғиығында ата-бабамыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай-талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр. Ел тəуелсіздігінің 30 жылдығы - азаттық ұранын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы. Осы тəуелсіздік алған жылдарда дін мəселелерін реттеуші құқықтық жол қалыптастырылды. 1992 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы жəне діни бірлестіктер туралы» заңында барлық конфессия діндарларына қызметтерін еркін атқаруына толықтай кепілдік берілген.Қазақстан Республикасы «Діни сенім бостандығы жəне діни бірлестіктер туралы» Заңының 4-бабында діни бірлестіктер мəртебесі қарастырылған. Қазақстанда Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съездерін өткізу-ғаламдық жəне аймақтық қауіпсіздікті қолдау механизмі ретінде мəдениет жəне өркениеттер диалогын дамытуға Қазақстанның қосқан нақты үлесі. Дін кең мағынада алғанда адамзаттың көп ғасырлық тəжірибесінен көрінетін мəдениеттің, оның ішіндегі рухани мəдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі таңдағы Қазақстанның саясаты ұлтаралық, конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді орнатуға, қазіргі заманғы Қазақстандық көп ұлысты, көп мəдениетті қоғамдағы рухани адамгершілік құндылықтардың жаңаша жүйесін құруға бағытталған. Егемен еліміздің ертеңін ойлар, білімді де саналы, өз туған жерін, Отанын, елін сүйетін жастарға артар сенім зор. Өз халқымыздың рухани да, мəдени де деңгейін көтеруге тиісінше ықпал жасап, жастарға дұрыс тəлім-тəрбие беріп, діндер арасындағы ынтымақтастықты насихаттау қажет деп ойлаймын.
Х. Акимжанов,
Жастар ресурстық орталығының директоры