Меню

Страницы

Статья

Деструктивті және радикалды жат ағымдар, ұйымдар идеологияларының алдын алу

Дін және қоғам

ДҰШПАНДЫЛЫҚ ПЕН ЖЕК КӨРУШІЛІКТІ ҚОЗДЫРУ МАҚСАТЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ АУМАҚТЫҚ БІРТҰТАСТЫҒЫ МЕН ТӘУЕЛСІЗДІГІН БҰЗУДЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫСТЫ КҮШПЕН ӨЗГЕРТУ МЕН БИЛІКТІ КҮШПЕН БАСЫП АЛУҒА ҮГІТТЕЙТІН ДІНГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН НЕМЕСЕ ДІНИ ЭЛЕМЕНТТЕРДІ ҚАМТЫҒАН ҚАУІПТІ ІС-ӘРЕКЕТТІ КӨЗДЕЙДІ. АҚПАРАТ АЛМАСУДЫҢ ӘРТҮРЛІ ЗАМАНАУИ ТЕТІКТЕРІН ШЕБЕР ҚОЛДАНАТЫН ДЕСТРУКТИВТІ ЖАТ АҒЫМ ИДЕОЛОГТАРЫ ОҚУ, ХАТ АЛМАСУ, БЕЙНЕ ЖӘНЕ АУДИО МАТЕРИАЛДАР АРҚЫЛЫ РАДИКАЛДЫ КӨЗҚАРАСТАРДЫ ТАРАТУДА.

Ауданымызда діни ахуал тұрақты болғанымен, ол жат ағымға ергендер есігімізді қақпайды деген сөз емес. Сондықтан, біз олардың жолын кесіп, буыны қатайып келе жатқан жастарымызды жаман жолдан сақтауымыз керек. Ол үшін ең алдымен діни білімімізді жетілдіріп, ақ пен қараны ажырата білуге тиіспіз. Жат ағымнан сақтану, жастардың бойында деструктивті ағымдарға қарсы иммунитетті арттыру мақсатында елімізге белгілі теолог, дінтанушы мамандар ауданымызға шақыртылып, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстар жүргізіліп келеді. Өзім әлеуметтік желіде әр ай сайын тұрғындар сауалына жауап беріп отырамын. Өткен жылы Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы Бас муфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы мен найб муфти Ершат Оңғарұлы және шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің Сансызбай Құрбанұлы ауданымыздағы Тоқа Байғозықажы мешітінде 2 рет жұма намазын өткізді. Мешіт жамағатына уағыз-насихатын айтып, сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, жат ағымнан сақтану жолы, олардың сипаты мен ұстанымдары жайына тоқталды. Асыл дініміздің қасиеттерін түсіндірді. Келесі кезекте Ералы ауылындағы «Сұлтан Заман» мешітінде танымал теолог Әлімжан Рахметоллаев жамағатпен жүздесті. Дәстүрлі дініміздің ұлттық құндылықтары жайында мазмұнды дәрістер өткізіп, пікірлесіп, сұрақтарға жауап берді.

 Жоламан Яхияев, ауданның бас имамы.

Дата публикации
30 мая 2022
Дата обновления
30 мая 2022
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
20 сентября 2023
Традиции казахов и псевдосалафизм
21 августа 2023
«Светскость – залог развития государства»

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы