Дін және қоғам
Қазақстан – конфессияаралық келісім орталығы
Конституциялық Заңнан бастау алған Тәуелсіздігімізге, отыз жылдан асып барады. Бақыт - бағасын білгеннің басында ғана тұрады. Сан түрлі кедергілер мен ауыр сындарға қарамастан, ел тәуелсіздігінің әрбір қадамын шынайы сезімді өзінің туған Отанының ұлтсүйер ұланы мен тек оның еркін азаматы ғана сезіне алады. Қазақстан тарихының парақтары парасат пен пайымға толы. Ата Заңның арқасында еліміз демократиялық дамудың даңғыл жолына түсті. Сонымен қатар, елімізде ұлтаралық, конфессияаралық келісім мен саяси тұрақтылыққа негізделген сенімнің биік деңгейі сақталып отыр. Президент бастамасымен және тікелей ұйытқы болуымен өмірге жолдама алған тарихи құжаттарда бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші ретінде елдің экономикалық өсуі қамтылған.
Қазақстанның дін саласындағы саясаты – конфессияаралық келісімнің, діни ахуалдың тұрақтылығының кепілі. Ел аумағындағы барлық діндердің теңдігін қамтамасыз ету үшін әділеттілік қағидаты мен дінаралық татулық санасын қалыптастыру мәселесі мемлекет үшін де, қоғам үшін де өте маңызды. Сондықтан мемлекеттің дін саласындағы саясаты елдегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін тек дәстүрлі діндердің ғана емес, барлық діндердің арасында өзара келісімге негізделген қарым-қатынастардың сақталуының басты кепілі.Бүгінгі таңда мемлекеттің дін саласындағы саясаты дінаралық келісімді сақтауды, діндердің үнқатысуына серпін беру және қоғамдағы өзара діни төзімділікті насихаттауды көздейді.
Конфессияаралық келісім–Қазақстан халқы үшін өзара түсіністікті қажет ететін қастерлі құндылық. Конфессия өкілдерімен достық қарым-қатынас орнатып, оларға қамқорлық таныту саясаттан бөлек адамгершілік құндылық болып табылады. Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндер арасында сенімді байланыстар орнықтыратын өркениетаралық үнқатысу алаңына айналуы – Елбасының жаһандық үнқатысуға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді жүргізудің нәтижесі. Оның жемісін Елордамызда үш жыл сайын өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысы арқылы көрсетудеміз.
Жоламан Яхияев,
Ауданның бас имамы