Меню

Страницы

Статья

Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі

Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі

 

Ауданымыздың ауыл имамдары Қарағанды қаласында өткен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» тақырыбындағы  III республикалық имамдар форумына қатысты.

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» тақырыбын арқау еткен III республикалық имамдар форумы әсіресе  шалғайдағы дін қызметкерлері үшін маңызды құжат ретінде айқындалды.

ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде облысқа қарасты қала аудан және ауыл имамдарының қатысуымен  «Жеті рухани қазық» атты кезекті семинарын ашқан облыс бас имамы Өмірзақ қажы  Қазкенұлы бүгінгі жиынның маңыздылығына тоқталып өтті.

Қазақстан мұсылмандарының «Жеті рухани қазық» рухани тұғырнамасы: имандылық, Отанды сүю, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениетті болу және әділдік принципіне жеке жеке тоқталды. Адамның кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға осы қасиеттер негіз болатын жеті рухани қазық екенін баса айтты.

Форумда қабылданған құжаттар арнайы іс-шаралар жоспары арқылы болашақта кеңінен насихатталмақ. «Жеті рухани қазық» семинарында рухани құндылықтарға бағыт – бағдар беріліп,  ҚМДБ жүктеген айтулы шаралардың жауапты мамандарына тапсырмалар  бекітілді.

 

Жоламан Яхиев,

ауданның Бас имамы

 

Дата публикации
14 марта 2022
Дата обновления
14 марта 2022
Тип
Информация

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
20 сентября 2023
Традиции казахов и псевдосалафизм
21 августа 2023
«Светскость – залог развития государства»

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы