Меню

Страницы

Статья

«Діни экстремизм – ұлттық қауіпсіздікке қауіпті»

«Діни экстремизм – ұлттық қауіпсіздікке қауіпті»

 

Дін бірілік пен ынтымақтастықтың бастауы. Діндер – бүгінгі таңдағы әлемдегі ұлтаралық тұтастықты нығайтудағы басты фактор десек те болады. Сондықтан діндерден қайшылықтарды емес, керісінше, ортақ белгілер мен қағидаттарды, ортақ негіздер мен ортақ құндылықтарды, біріктіруші бастауды іздеуге міндеттіміз. Айта кету керек, Дін ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің деген сөз бүгінде үлкен мәнге ие болды. Негізі дін өте нәзік те мәселе десек болады. Дін дегеніміз адам мен қоғам арасын жалғастырушы, жарастырушы және үйлестіруші қасиетін жете түсініп, оны жан мен тән тазалығын сақтайтын, парасат тағылымдарын демеуші, адамға өнеге тәлім берер, пейілге мейірім ұялатар рухани күш. Ал экстремизм термині шектен тыс қөзқарастар мен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару ретінде анықталады. Экстремизм әр уақытта әр қалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс. Сонымен қатар, терроризм ұғымына қатысты көптеген анықтамалар мен түсіндірмелер болғандықтан, жұртшылыққа ортақ анықтама беру қиынға соғады. Алайда, оның «зорлық-зомбылық», «қорқыныш пен үрей туғызушылық» және «кінәсіз адамдарға кесір тигізу» сынды басты белгілерін айқындап кетуге болады. Экстремизм және терроризм сөзін бұдан әрі топшылай берсеңіз болады яғни дінді бұрмалау, жат ағымдарды насихаттау арқылы адамзат санасын бұзу ал сана бұзылған кезде қоғамда түрлі жағдайлар орын алады. Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Сириядағы соғыс аймағынан отандастарымызды елге қайтаруға бағытталған «Жусан» операциясы сәттi icке асты. «Жусан» операциясы елдік пен ізгіліктің нышаны болды. Елбасымыздың қамқорлығымен қан-төгіс аймағы болып, озбырлықтың ошағына айналған аймақтан азаматтарымыз жалған үміттермен, жалаң ұрандардың құрбанына айналған отандастарымыз өз ортасына аман-есен елге оралғаны бәрімізге мәлім. Сонымен қатар биыл Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде еліміз біраз қиындықты еңсеріп, дамудың даңғыл жолына түсе білді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жылдарында рухани дамып, халықтың діни санасы кеңейіп, білімі молайды. Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, тілегі бірдің жүрегі бір» – деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, діні басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, азаматтық бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді сақтап, татулық пен сенімділікті серік етудің арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері қадам басып келеді.

Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.

Кабакова Айгуль Алибаевна Осакаров ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы

Дата публикации
24 января 2022
Дата обновления
24 января 2022
Тип
Информация

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
20 сентября 2023
Традиции казахов и псевдосалафизм
21 августа 2023
«Светскость – залог развития государства»

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы