Меню

Страницы

Статья

Этносаралық және конфесияаралық қатынастардың бүгінгі көрінісі

Этносаралық және конфесияаралық қатынастардың бүгінгі көрінісі

ҚАЗІРГІ ТАҢДА ҚАЗАҚСТАНДА ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ІШКІ ІСІНЕ АРАЛАСПАУҒА, ДІНИ СЕНІМДЕРІНЕ ҚҰРМЕТПЕН ҚАРАУҒА, ЗАҢ АЛДЫНДА ТҮРЛІ ДІН ӨКІЛДЕРІ ТЕҢ ДӘРЕЖЕГЕ ИЕ БОЛАТЫНДЫҒЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН САЯСАТ ЖҮРГІЗІЛУДЕ. СОНЫМЕН ҚАТАР, ЭТНОСАРАЛЫҚ ЖӘНЕ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ, КЕЛІСІМ МЕН САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ САҚТАУ ІСІНЕ КӨП КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ. ҚАЗАҚСТАН ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАЗЫНАСЫ – АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨМІРІ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНА АСА МӘН БЕРЕДІ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ҚАЙ ЗАМАНДА ДА ЕЛДІККЕ, СОНЫҢ ІШІНДЕ ЕЛ БЕРЕКЕСІНІҢ ТҰРАҚТЫ БОЛУЫНА ҮЛКЕН НАЗАР АУДАРҒАН. СОНДЫҚТАН ДА БОЛАР, ЕЛ АУЗЫНДА: «БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ ТІРЛІК БАР», «БІРЛІКСІЗ ЕЛ ТОЗАДЫ, БІРЛІКТІ ЕЛ ОЗАДЫ» ДЕГЕН НАҚЫЛ СӨЗДЕР БҮГІНГІ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫНА АЙНАЛЫП ОТЫР

Қазіргі таңда Қазақстан – бейбітшілік пен келісімі сақталған, түрлі этностар өзара ынтымақтастықта өмір сүріп жатқан біртұтас полиэтникалық мемлекет. Бүгінде халық саны 19 миллионға жуық адамды құрайды, оның ішінде мемлекет құраушы қазақтардың үлесі 70%-ға жетті. Қазақстан Республикасында этносаяси мәселелер мемлекеттік ұлттық саясаттың өзегіне айналып отыр. Еліміздің Конституциясында «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп жазылған. Мемлекетті қалыптастырушы қазақ ұлты этносаралық келісім мен ынтымақтастықты сақтаушы, өзге этностар құқықтарының шектелмеуіне жол бермей ұлттық тұтастықпен өркендеу үстінде. Этносаралық келісім мен бейбітшілік аясында әлемде баламасы жоқ қазақстандық үлгі қалыптастырып, елімізде бірлігі мен ынтымағы жарасқан, мақсаты мен мүддесі ортақ 130-дан астам ұлт пен 18 конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Өзiн демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде танытатын еліміз үшін дін саласындағы саясаттың ең басты мақсаты – конфессияаралық келісім. Діни және этникалық негіздегі қақтығыстар, мәдени, әлеуметтік, саяси құқықтардың шектелуі біздің елімізде жоқ. Діни экстремизм мен терроризмнің мемлекеттің саяси жүйесінің тұрақсыздығына, халықаралық қатынастардың шиеленісуіне жол бермеу үшін азаматтар арасында діни ағартушылық және тәрбие жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді. Экстремизмнің таралуына қарсы іс-қимыл, экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары Президенттің қатаң бақылауында. діндердің бейбіт өмір сүруі, діни бірлестіктер өз қызметтерін заң шеңберінде өткізуін қадағалау, Қазақстанның ішкі саясатының басым міндеттері болып табылады. Жергілікті наным-сенімдер мен ғұрыптарға, дәстүрлі ұлттық мәдениеттің ұлтаралық және дінаралық ынтымақтастығы тәжірибесі исламның дау-жанжалға себепші емес екендігін дәлелдеп отыр. Қазақстандағы діни бірлестіктер туралы заңнама халықтың рухани мәдениетінің қайталанбас, сонымен қатар ерекше бітім беріп тұратын құрамдас бөлігі тәрізді. Республикада ислам мен православиенің және басқа да діндердің арасында жарасымды сыйластық қарым-қатынас қалыптасқан.

Күләнда Тохметова, Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

 

 

 

Дата публикации
17 января 2022
Дата обновления
17 января 2022
Тип
Информация

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
20 сентября 2023
Традиции казахов и псевдосалафизм
21 августа 2023
«Светскость – залог развития государства»

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы