Меню

Страницы

Статья

Қазақстан – конфессияралық келісім орталығы

Қазақстанды көбінесе өркениеттер қиылысы деп атайды. Зайырлы мемлекеттің негізі – ар-ождан бостандығы, діни нанымдардың теңдігі, діни конфессияларға қатысты саяси биліктің бейтараптығы. Зайырлы мемлекет азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын іске асыруын және діни бірлестіктердің қызметін құқықтық реттеуді жүзеге асырады. Зайырлы сипат – бұл қазіргі заманғы құқықтық Қазақстан мемлекетінің құрылуы мен жұмыс істеуінің негізін қалаушы қағидаттарының бірі екенін атап өткен жөн.

         Конфессияаралық келісім – Қазақстан халқы үшін өзара түсіністікті қажет ететін қастерлі құндылық. Әр түрлі конфессия өкілдерімен достық қарым-қатынас орнатып, оларға қамқорлық таныту саясаттан бөлек адамгершілік құндылық болып табылады. Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндер арасында сенімді байланыстыратын, орнықтыратын өркениетаралық алаңына айналуы мемлекеттік саясатты тиімді жүргізудің нәтижесі деуге болады.

Еліміз  дін саласындағы саясаты – конфессияаралық келісімнің, діни ахуалдың тұрақтылығының кепілі. Ел аумағындағы барлық діндердің теңдігін қамтамасыз ету үшін әділеттілік қағидаты мен дінаралық татулық санасын қалыптастыру мәселесі мемлекет үшін де, қоғам үшін де өте маңызды.

Республикада түрлі діндер мен конфессиялардың өкілдері арасында бірге өмір сүруге және тиімді өзара іс-қимылға қолайлы жағдайлар қалыптасты. Қазақстандағы конфессияаралық қатынас моделі басқа елдер үшін бірегей үлгі болды. Конфессияаралық келісімді орнату, бейбітшілік пен өзара төзімділік құндылықтарын насихаттау арқылы еліміз әлемдік саясатта жоғары құрмет пен беделге ие болды. Жаһандық алаңда көптеген елдердің сенімді әріптесіне айналды.

Қазіргі таңда егеменді еліміздегі көп ұлтты халықтың тату-тәтті өмір сүруі және ынтымақта болуының мәні тереңде.  Қазақстан еліндегі қазақ халқының «ата дәстүрі» мен бабалар қалыптастырған мәдени үрдісі, болашақ ұрпақты түзу жолдан шығармайтын қазығындай екендігінде күмән жоқ.

 

Ж. Яхияев

Осакаров ауданының жастар ресурстық

орталығының дін мәселелері  бойынша маманы

 

 

 

 

Дата публикации
27 апреля 2023
Дата обновления
27 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
20 сентября 2023
Традиции казахов и псевдосалафизм
21 августа 2023
«Светскость – залог развития государства»

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы