Бюджеттік бағдарламаны жария талқылау туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗ

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  "Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың 2024-2026 жылдарға арналған күрделі шығыстары" 032 бюджеттік бағдарламасын әзірледі.

"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 4 - тармағына сәйкес 2024 жылғы 16 наурызда "электрондық үкімет" веб-порталы-ашық бюджеттердің интернет-порталы құрауышында осы бюджеттік бағдарлама жария талқылау үшін орналастырылды.

Барлық мүдделі азаматтар бюджеттік бағдарлама жобасын талқылауға келесі сілтеме бойынша қатыса алады:

https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3676&budgetId=3314737&budgetState=PROJECT