GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Бөлім туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
16 октября 2026
Көкшетауда нашақорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Көкшетау қаласында есірткі құралдарының таралуына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Іс-шараға қаладағы 30-ға жуық балабақшаның меңгерушілері қатысты.

Отырыс барысында кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу, ата-аналармен өзара іс-қимыл жасау және балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, профилактикалық жұмыста жасанды интеллект технологияларын қолдану, сондай-ақ «Алақан» мобильді қосымшасын әзірлеу және тарату мәселелері талқыланды. Жастар арасында есірткіге қарсы бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің жаңа форматтары мен цифрлық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.

Нашақорлықтың алдын алу бұл ортақ жауапкершілік. Осы бағытта білім беру ұйымдары, ата-аналар және бейінді мекемелер арасындағы өзара байланысты нығайту маңызды.

Жастар саясаты
09 октября 2026
Заң мен тәртіп: Көкшетау жастары есірткіге қарсы!

2026 жылғы 8 қазанда Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы «Қоғамдық келісім» КММ және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен (ЕҚҚІҚБ) бірлесіп, «Заң мен тәртіп» республикалық акциясы аясында есірткінің алдын алуға арналған профилактикалық дәріс пен кинокеш өткізді. 
Іс-шара қалай өтті?
🔹 Ақпараттық дәріс: ЕҚҚІҚБ өкілі жастарға есірткі заттарының денсаулыққа тигізер залалы, синтетикалық есірткінің қаупі және есірткі бизнесіне тартылудың құқықтық жауапкершілігі мен салдары туралы толық айтып берді.
🔹 Ашық диалог: Қатысушылар сұрақтарын қойып, бұл мәселе төңірегінде өз пікірлерімен бөлісті. Белсенді қатысқан жастарға естелік сыйлықтар табысталды!
🔹 Танымдық кинокеш: Кездесу соңында есірткіге тәуелділіктің қасіреті мен заңды бұзудың салдары туралы арнайы деректі фильм көрсетілді. 
Өз өміріңіз бен болашағыңызға жауапкершілікпен қараңыз! Есірткісіз болашақты бірге құрайық!

16 сентября 2026
Көкшетауда мүгедектігі бар адамдарға арналған дене шынықтыру-шығармашылық іс-шаралар өтеді

Көкшетауда мүгедектігі бар адамдарға арналған дене шынықтыру-шығармашылық іс-шаралар өтеді

5-10 қазан аралығында Мүгедектігі бар адамдар күніне арналған дене шынықтыру-шығармашылық бағыттағы бұқаралық іс-шаралар өтеді.

Іс-шараларға 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар қатыса алады. Бағдарлама аясында қатысушылардың дамуына, қарым-қатынас орнатуына және өзара қолдауына бағытталған спорттық, шығармашылық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қатысу тегін және мүгедектіктің барлық санаттары үшін ашық.

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:
+7 747 906 0167, +7 771 164 6926, 29-81-08.

02 сентября 2026
Заң мен тәртіп

28 тамыз күні Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 5510 әскери бөлімінде «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге Көкшетау қаласы Патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция Капитаны Ефимов Александр Юрьевич қатысты.

Кездесу барысында әскери қызметшілерге құқықтық мәдениет, қызмет кезіндегі жауапкершілік және жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сарбаздар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Заңды білу – қауіпсіздіктің кепілі!

02 сентября 2026
Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтті

2026 жылғы 23 тамызда Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтті. Қаладағы сайлау учаскелері сағат 7:00-ден бастап жұмыс істеп, азаматтар өздерінің сайлау құқықтарын жүзеге асыру және таңдау жасау үшін дауыс беруге қатысты.

Дауыс беру күні қалада түрлі тақырыптық акциялар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, мотоклуб мүшелері сайлау учаскелерінің біріне ұйымдасқан колоннамен келіп, дауыс беруге қатысты. Сондай-ақ жүзу спортының өкілдері арнайы жүзу жаттығуынан кейін «Спорт және азаматтық жауапкершілік» акциясы аясында спорттық киіммен сайлау учаскесіне келді.

Мұндай форматтар қала тұрғындарының күнделікті қызметін сайлауға қатысумен ұштастырып, азаматтық белсенділікке назар аударуға мүмкіндік берді.

Құрылтай депутаттарының сайлауы Қазақстан тарихында алғаш рет өткізілді. Депутаттар бес жыл мерзімге сайланады.

Қазақстан Республикасы бойынша дауыс беру қорытындысына сәйкес «Әділет» партиясы 71,17% дауыс жинап, 110 мандатқа ие болды. «Ауыл» партиясы 6,26% дауыс жинап, 10 мандат, Respublica – 5,56% және 9 мандат, «Ақ жол» – 5,21% және 8 мандат, ЖСДП – 5,11% және 8 мандат алды. Қазақстан Халық партиясы (3,11%) мен «Байтақ» партиясы (1,07%) белгіленген 5%-дық межеден өте алмады.

Жастар саясаты
14 августа 2026
Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл: ұлы ақынға арналған байқау қалай өтті

Көкшетауда «Абай – дана» байқауы өтті.


Көкшетау қаласының «Жастар ресурстық орталығы» және “Senimen bolashaq” РҚБ Ақмола облысының филиалымен бірлесе отырып ұлы ақын, қазақтың дана ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай «Абай – дана» атты байқау өткізді.

Байқаудың басты мақсаты – жастар арасында Абай мұрасын насихаттау, оның терең ойлары мен өнегелі сөздерін дәріптеу, сондай-ақ ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру болды.

Қатысушылар ақынның шығармашылығын жан-жақты танытып, өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөздерінен үзінділер келтіріп, өз өнерлері мен білімдерін көрсетті.

Абайдың асыл мұрасы – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын рухани қазына. Осындай тағылымды шаралар жастардың білімге, өнерге және рухани дамуға деген қызығушылығын арттыра түседі.

Жастар саясаты
14 августа 2026
Көкшетауда Халықаралық жастар күні аталып өтті

12 тамызда Көкшетау қаласында Халықаралық жастар күніне орай бірқатар іс-шаралар өтті. Облыстық және қалалық жастар ресурстық орталықтары қала жастары үшін спортты, ұлттық дәстүрлерді, білімді, технологияны және шығармашылықты қамтыған мазмұнды бағдарлама ұйымдастырды.

Күн барысында жастар волейбол, асық ату және брейкингтен өткен қалалық турнирді қоса алғанда, түрлі спорттық белсенділіктерге қатысты. Аталған алаңдар жастардың өзара қарым-қатынас жасап, спорттық шеберліктерін шыңдап, белсенді демалуына мүмкіндік берді.

Жастарға арналған жаңа мүмкіндіктерге де ерекше көңіл бөлінді. Aqmola Hub және Tomorrow School алаңдарында қатысушыларға Tech Orda, TUMO білім беру бағдарламалары, жасанды интеллект саласындағы жобалар және көкшетаулық стартаперлердің заманауи цифрлық әзірлемелері таныстырылды. Сонымен қатар ұлттық әдеби мұраға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мерекелік күн кешкі Open Air форматындағы концерттік бағдарламамен, әуен мен билермен жалғасып, жастар мерекесінің ерекше атмосферасын қалыптастырды.

Халықаралық жастар күні Көкшетау жастарын спорт, білім, шығармашылық және жаңа мүмкіндіктер төңірегінде біріктірген маңызды мерекелік алаңға айналды.

Жастар саясаты
14 августа 2026
Көкшетау жастары — тазалық жолында!

Көкшетау жастары — тазалық жолында!

12 тамызда Халықаралық жастар күніне орай Көкшетау қаласында жастардың қатысуымен «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық плогинг ұйымдастырылды.

Іс-шараға 160-тан астам студент, волонтер, блогер, белсенді жастар және жергілікті қоғам өкілдері қатысып, қоршаған ортаны тазартуға өз үлестерін қосты.

🔹 Плогингтің басты мақсаты — жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндеу.

🔸 Шара барысында қатысушылар спорттық белсенділікті экологиялық тазалық жұмыстарымен ұштастырып, қала аумағын қоқыстан тазартты. Нәтижесінде 200-ден астам қап құрғақ қоқыс жиналды.

Бұл бастама жастардың табиғатты қорғауға деген жанашырлығын арттырып, волонтерлік пен азаматтық белсенділіктің маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

 

16 мая 2025
"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсына өтінімдерді қабылдау басталды

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.

Ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.

Өтінімдер аудандық (қалалық) комиссияға 2025 жылғы 15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін беріледі.

Конкурс екі кезеңде өткізіледі:

Бірінші – аудандық (қалалық) кезең (15 мамырдан 15 маусымға дейін).

Екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезең (30 маусымнан 15 шілдеге дейін).

Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.

Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі қыркүйек айында Отбасы күні қарсаңында Астана қаласында салтанатты түрде өтеді.

Конкурсты ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, жергілікті атқарушы органдар.

Толық ақпарат алу үшін осы төлефон нөмірлеріне хабарласуға болады. 29-78-33, 8-702-180-70-64.

Үкіметтік емес ұйымдар
04 мая 2025
Көкшетауда Жеңістің 80 жылдығына арналған велошеру өтті

Бүгін Көкшетаудағы «Бәйтерек» саябағында Жеңістің 80 жылдығына арналған ту ұстаған мерекелік велошеру өтті. Шараға 60-тан астам адам қатысты. Олардың қатарында ҚР ҰҚК Ақмола облыстық ардагерлер кеңесі, Ауған соғысы ардагерлерінің кеңесі, «Синегорье» велоклубының мүшелері және 50 жастан асқан қала тұрғындары болды. Бұл велошеру Ұлы Отан соғысы қаһармандарының ерлігіне деген құрметті білдіру мақсатында ұйымдастырылды.

Таңертеңнен бастап алаңда мерекелік көңіл-күй орнады. Велошеру қатысушылары қала көшелерімен желбіреген тулармен жүріп өтті. Бұл көрініс қала тұрғындарының назарын аударып, нағыз мереке әсерін сыйлады. Велошеру тек спорттық шара ғана емес, сонымен қатар патриотизмнің, ардагерлерге деген құрметтің және халық бірлігінің белгісіне айналды.

Іс-шара аясында велошеруден бөлек түрлі ойындар мен «көңілді старттар» ұйымдастырылды. Қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталып, жауынгерлік әндер шырқалды. Ардагерлер үшін арнайы дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.

«Бүгінгі шараға атсалысқан барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын. Барлығы өте ұйымшыл, шынайы жанашырлықпен жұмыс істеді. Біз шын мәнінде үлкен құрметке толы мереке ұйымдастырдық», – деп өз әсерімен «Синегорье» велоклубының ардагері бөлісті.

Шараға Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев те қатысты.

«Осындай спорттық-патриоттық шарада баршаңызды көргеніме қуаныштымын. Бұл тек спорт емес, ардагерлерімізге деген тағзым мен құрметтің белгісі. Мұндай оқиғалар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, патриоттық рухты арттырады», – деп атап өтті қала басшысы.

Көкшетауда өткен мерекелік велошеру – спорт пен тарихи жадының қатар өріліп, түрлі жастағы адамдарды бір мақсатқа ұйыстыратын жарқын мысал болды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы