Аналитикалық анықтама 2022
Аналитикалық анықтама
"Қарағанды қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі "ММ (бұдан әрі-Бөлім) 2021 жылғы 22 қазаннан бастап «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
2022 жылы 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бөліммен "Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" 195 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы "Е-Лицензиялау" МДҚ арқылы электрондық түрде 195 қызмет көрсетілді.
- Жеке тұлғаларға 12 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
- Заңды тұлғаларға 183 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Есепті кезеңде 2 дәлелді бас тарту ұсынылды:
Бас тарту Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығымен бекітілген жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының 53 тармағымен дәледі (жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін кран-манипуляторлар).