Қорғаншылық органдары қызметінің басым бағыттарының бірі әрбір баланың бала құқықтары туралы Конвенцияда және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде бекітілген отбасында өмір сүру және тәрбиелену негізгі құқығын іске асыру болып табылады. «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ қорғаншылық және қамқоршылық бойынша мемлекет функцияларын жүзеге асыратын қызметкерлердің функционалына кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың кең спектрі кіреді.
Жұмыс полиция, денсаулық сақтау, полиция бөлімдерімен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, жастармен жұмыс жөніндегі орталықпен, АХАТ бөлімдерімен және Қазыбек би және Октябрь аудан әкімдіктері жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялармен тығыз ынтымақтастықта жүргізіледі. Сондай-ақ, үкіметтік емес сектор («Ана үйі» ҚҚ, «Шанс» орталығы, «Мир добра» ҚБ) үлкен көмек көрсетеді.
Статистика деректері бойынша Қарағанды қаласының 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар шамамен 106 000 кәмелетке толмағанды құрайды. Қазіргі уақытта қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды іс жүзінде 5 маман және 1 әдіскер орындайды.
Қорғаншылық және қамқоршылық секторында бала асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының ішінен 182 кандидат тіркелген, оның ішінде 69 кандидат балаларды әртүрлі орналастыру нысандары бойынша отбасына тәрбиелеуге алды.
Есепте – 520 бала қорғаншылыққа және қамқоршылыққа; патронаттық тәрбиеге - 84 бала тұр. Отбасы үлгісіндегі 2 Балалар үйі жұмыс істейді, онда 12 бала тәрбиеленуде. 2020 жылы 4 бала тәрбиеленетін қабылдаушы отбасының ашылуы болды.
Өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларға көмек көрсету үшін Теміртау қаласы «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ, «Шапағат» балалар үйі» КММ, «Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығы» КММ жұмыс істейді, онда балаларды уақытша орналастыру мүмкіндігі бар. Уақытша болу кезеңінде ата-аналар жұмысқа орналасу және тұрғын үй мәселелерін шешеді.
Қорғаншылық органдары жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекке қою жөніндегі заңды өкілдерге бақылау жүргізеді. Барлығы 534 бала кезекке қойылды. Сондай-ақ, мамандар жылына екі рет қамқорлыққа алынушыларды күтіп-бағу және тәрбиелеу бойынша заңды өкілдерден есептер қабылдайды.
Барлық құжаттар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық деректер банкіне енгізіледі.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау, оларды отбасына орналастыру жөніндегі шаралар жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі осы қызметті материалдық ынталандыру болып табылады. Қорғаншылар мен қамқоршыларға баланы күтіп - бағуға 10 АЕК мөлшерінде ай сайын жәрдемақы төленеді; патронат тәрбиешілерге-жасына байланысты баланы күтіп-бағуға 9-10 АЕК мөлшерінде ай сайынғы жәрдемақы және білімі мен өтіліне байланысты тәрбиешінің жалақысы төленеді. Сондай-ақ, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алған тұлғаларға 75 АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
Қорғаншылық секторының өтініші бойынша балалардың, оның ішінде отбасыларда тәрбиеленетіндердің туу туралы куәліктері, жеке куәліктері ресімделеді және қалпына келтіріледі.
Сектор мамандары күн сайын кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелеріне қатысты сот процестеріне қатысады. Ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру (шектеу) бойынша материалдар дайындалады. Түзелуге мүмкіндігі бар ата-аналарға қатысты кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиялармен бірлескен жұмыс жүргізіледі.
Секторда мемлекеттік қызметтердің 10 түрі көрсетіледі, оның ішінде 9 мемлекеттік қызмет толығымен автоматтандырылған.
Мамандар кәмелетке толмағандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тұрақты негізде тексереді.
Әлеуметтік жетімдіктің деңгейін төмендету мақсатында қорғаншылық және қамқоршылық секторының мамандары жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру және балаларды туған отбасында сақтау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.