Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының шешім жобасын жария талқылау туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес «2024-2025 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында жайылымдарды басқару  және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының шешім жобасы (әрі қарай-жоба) әзірленді.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы»  Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы-ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14816101 2023 жылғы 27 қарашада аталған жоба түсіндірме жазбаларымен жария талқылау үшін орналастырылған.

Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.