Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихаты шешімінің жобасын қоғамдық талқылау
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының шешімі
жобасын көпшілік талқылау туралы
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗ
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен «Мамлют ауданының бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының шешімі жобасы (әрі қарай-жоба) әзірленді.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 17-бабы 4-тармағына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы - ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=2021916&type=2 2023 жылғы 23 қазанда аталған жоба түсініктеме жазбаларымен көпшілік талқылау үшін орналастырылған.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.