«Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (санаты E-R-1, (А блогы), 1 бірлік, № 01-04)
Саран қаласының әкімдігі
Қарағанды облысы
380392
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу.
Функционалды міндеттер
А блогы
Өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады.
Инженерлік коммуникациялар мен тұрғын үй қорын пайдалану, күтіп-ұстау, күрделі және ағымдағы жөндеу мәселелерінде бөлімнің жұмысын, қала шаруашылығын қысқы кезеңдегі жұмысқа даярлау бойынша жұмысты үйлестіреді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағдарламаларын іске асыруға экономикалық талдау жасайды.
Қалаішілік қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастырады. Қалалық көлік қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді. Қала тұрғындарының тасымалдау және онымен байланысты қызметтер қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды. Қаланың көлік кәсіпорындарының жұмысын үйлестіреді және мемлекеттік реттеу міндеттерін жүзеге асырады.
Қалалық маңызды жолдардың құрылысын, пайдаланылуын және күтіп-ұсталуын ұйымдастырады, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін бөліп таратады. Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды және түгендеуді қамтамасыз етеді. Қаланың тіршілікті қамтамасыз ететін қызметтерінің жұмысын үйлестіреді.
Қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсету мәселесінде телерадиокоммуникация кәсіпорындарымен өзара әрекеттеседі, олардың жұмысын үйлестіреді және белгіленген құзыреттілік шегінде бақылау жасайды.
Қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалау жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және азаматтардың тұрғын үй заңнамасында белгіленген талаптарды, оның ішінде меншік нысанына қарамастан тұрғын үй қорын пайдалану мен сақтау жөніндегі, Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген талаптарды орындауына мемлекеттік тұрғын үй қадағалауды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.chagochkina@karaganda-region.gov.kz
- «Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ (101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67
-
8(72137) 74017, факс: 8(72137) 74017