«Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ әкімнің көмекшісі E-3 (1 бірлік), 07-01 (C блогы)

Мемлекеттік орган

Саран қаласының әкімдігі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

E-3

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
  4. жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  7. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Тілдер және әдебиет
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

Функционалды міндеттер

(С блогы)

өнеркәсіп кәсіпорындарымен, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.         Мәжілістерге, жоспарламаларға, әкімдік отырыстарына ақпараттық материалдар, баяндамалар, түсіндірме жазбалар, сөз сөйлеулер дайындау.         Қала әкімінің апта сайынғы және өзге де жиналыстарына мемлекеттік мекемелер басшыларының келуін қамтамасыз ету. Қала әкімінің атына келіп түскен және оның қолы қойылған құжаттармен жұмыс, олардың өту және орындалу мерзімін бақылау.         Әкім өткізетін кеңестерді, сапарлар мен кездесулерді ұйымдастыру, жетекшілік ететін мәселелер бойынша мәліметтер мен анықтамалық материалдарды жинақтау және зерделеу, келіп түскен ақпаратты жүйелеу және қорыту.         Қала әкімінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету, қаланың, облыстың бұқаралық ақпарат құралдарымен, ірі кәсіпорындар мен ұйымдармен, мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау. Қоғамдық пікірді зерттеуге қатысу, қала жұртшылығымен, халықпен байланысты қолдау. БАҚ қызметіне шолу, мониторинг және талдау. Қала әкімінің қатысуымен кеңестерді, отырыстарды, кездесулерді және басқа да іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету. Қала әкімінің ресми сайтына материалдарды орналастыру бойынша ұйымдастыру және бақылау.         Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен қала әкімінің қызметі туралы объективті қоғамдық пікір қалыптастыру.         БАҚ-пен жедел өзара іс-қимылды ұйымдастыру, бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша БАҚ өкілдеріне кеңес беру.Құттықтау және өзге де жеделхаттардың мәтіндерін, атаулы және өзге де күндер мен оқиғаларға хаттарды дайындау, облыс әкімінің сөйлеген сөздерінің тезистерін редакциялау. Әлеуметтік желілерде қала әкімінің имиджін қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.04.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.04.2022 – 19.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

«Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ 101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67

Анықтама алу үшін байланыс

8(72137) 74017, факс: 8(72137) 74017