Бірінші сыныпқа түсу үшін өтініштерді қабылдау

Бірінші сыныпқа түсу үшін өтініштерді қабылдау 1 сәуірден басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді.
Білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес ата – аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші, денсаулық жағдайы туралы анықтама – №065у нысан, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және 3*4 баланың фотосуреті екі дана. Өтінімдер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.