«Қазіргі кезеңдегі мектепте тарихи білім беруді дамыту: мәселелер мен перспективалар» атты ғылыми-практикалық конференция өткізу туралы

«Қазіргі кезеңдегі мектепте тарихи білім беруді дамыту: мәселелер мен перспективалар» атты ғылыми-практикалық конференция өткізу туралы

 Конференцияның негізгі мақсаттары:

   Қоғамдық пәндер мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибесін оқушыларға патриоттық тәрбие беру аясында қоғамдық пәндер сабақтарында және сыныптан тыс іс-шараларда насихаттау.

  Конференцияның негізгі міндеттері:

 – «Тарих» пәнін оқытудағы озық тәжірибені анықтау және тарату;

 – «Тарих» пәнін оқытуда инновациялық тәсілдерді ынталандыру;

 - тарих мұғалімдерінің дамуға қосқан үлесін қоғамдық жақтан бағалау;

 - тезистерді жариялау арқылы деректер жиынтығын құру;

 - қаланың білім беру ұйымдарының табысты мұғалімдерінің сөз сөйлеуі;

тарих мұғалімдерінің қаланың білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесін қоғамдық тұрғыдан баға беру.

  Конференцияны өткізуді қамтамасыз ету мақсатында қаланың педагогикалық қоғамының өкілдерінен, облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының өкілдерінен ұйымдастыру комитеті құрылады.

Байқауға қатысушылар: Конференция қала мектептерінің қоғамдық пәндер мұғалімдері арасында өткізіледі.

Өтетін орны: 2023 жылы 13 желтоқсанда сағат 15.00-де О. Бөкей атындағы кітапханада өтеді. (Наб. Славского,22

Қатысушыларды қамту: 60 адам.