«Тәуелсіз Қазақстан: Тарих және қазіргі заман» атты қалалық цифрлық постерлер байқауы

«Тәуелсіз Қазақстан: Тарих және қазіргі заман» атты қалалық цифрлық постерлер байқауы
ҚР Тәуелсіздік күніне орайластырылған іс-шаралар жоспары аясында 2023 жылғы 6 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күніне арналған 10-сынып оқушылары арасында «Тәуелсіз Қазақстан: Тарих және қазіргі заман» атты қалалық цифрлық постерлер байқауы (digital poster) өтеді.
Байқауды ұйымдастырушы: ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ.
Байқаудың мақсаты: ІТ-құзыреттерді іске асыру арқылы оқушыларда белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
Әсері: оқушыларда Отанға деген сүйіспеншілікті, ел тарихына танымдық қызығушылықты, оған жауапкершілікпен қарауды, патриотизм сезімін қалыптастыру. Байқауға қатысушылар ІТ-дағдыларды іске асыру арқылы Тәуелсіз заманауи Қазақстанның қалыптасу тарихы туралы білімдерін арттырады.
Байқауға қатысушылар: қала мектептерінің 10-сынып оқушылары.
Өтетін орны: Өскемен қаласының «№35 орта мектебі» КММ.
Қатысушыларды қамту: 100 адам.
Қызмет бағыты