«Үздік педагог» атағын беруге арналған республикалық байқаудың қалалық кезеңін өткізу туралы хабарландыру

«Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ 2025 жылғы 08-25 шілде айы аралығында «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» «Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 09 тамыздағы № 355 бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Үздік педагог» атағын беруге арналған республикалық байқаудың қалалық кезеңін өткізеді. Байқауға келесі критерийлерге сәйкес келетін білім беру ұйымдарының педагогтері қатысады:
- білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтары болып табылатын;
- байқауға қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі барлар.
Қалалық байқауға қатысу үшін өтінімдер мен материалдар (байқау Ережесіне сәйкес) 2025 жылғы 18 шілдеге дейін Министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды форматта мынадай құжаттарды (материалдарды):
1) оқыту тіліндегі портфолионы (педагог портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады);
2) сабақ (оқу) жоспарын ұсына отырып, ұзақтығы 7 (жеті) минут бейнесабақ (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), ұзақтығы 15 (он бес) минут бейнесабақ/оқу (орта, арнайы, қосымша білім беру, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бейнероликке қойылатын талаптар мен техникалық шарттарға сәйкес озық педагогикалық тәжірибені (ұзақтығы 5 (бес) минутқа дейінгі бейнеролик) трансляциялауды;
3) Министрлік айқындайтын тақырыптағы 500 (бес жүз) сөзден аспайтын эссені қоса бере отырып, Конкурсқа қатысуға өтінім береді.