«Менің елімдегі Заң мен тәртіп» атты сурет байқауы

Қымбатты балалар !
Өскемен қаласының прокуратурасы мен қала әкімдігі бірлескен «Менің елімдегі Заң мен тәртіп» атты сурет байқауын жариялайды.
Сіздерді өз шығармашылық қабілеттеріңізді көрсетуге жіне еліміздің әділетті қоғамды, заңдылық пен тәртіпті қалай көретініңізді бейнелеуге шақырамыз
Қатысушылар жасы: 12 мен 17 жас аралығы
Жұмыс форматы: А3 парақ
Жұмыстарды қабылдау: 2025 жылдың 23-26 маусым. Сағат 10.00-16.00
Жұмыс қорытындысы шығару: 2025 жыл 27 маусым Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Жеңімпаздарды қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Байқау балалардың құқықтық санасын дамытуға, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға және ең шығармашыл және белсенді қатысушыларды ынталандыру
Сіздің суретіңіз әлемге сіздің еліңіздегі тәртіп пен Заңды қалай көретіндігіңізді паш етсін!