«Орта білім беретін үздік ұйым» республикалық байқаудың қалалық кезеңі

2025 жылғы 22 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-де «Орта білім беретін үздік ұйым» республикалық байқаудың қалалық кезеңі өтеді.
Байқау материалдары 2025 жылғы 18 сәуірінде Шакарим 156 көшесі, 3 қабат, №1А кабинетінде қабылданады.
Мақсаты: тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, орта білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшыларының кәсіби және жеке тұлғалық өсуін ынталандыру, Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінің даму үрдісін анықтау.
Іс - шараның әсері: Грант Конкурстың жеңімпазы - мемлекеттік орта білім беретін үздік ұйымға беріледі.
Қатысушылар: Конкурсқа қатысуға мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) барлық түрлері қатысады
Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 39 орта мектебі» КММ.