«Педагогикалық қызметтегі инновациялық тәжірибелер: білім беру ұйымдарында іске асыру тәжірибесі» қалалық ғылыми - практикалық конференциясы

2023 жылғы 07 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-де «Педагогикалық қызметтегі инновациялық тәжірибелер: білім беру ұйымдарында іске асыру тәжірибесі» қалалық ғылыми - практикалық конференциясы өтеді.
Ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
Мақсаты: педагогикалық қоғамдастықтың зерттеу мәдениетін дамыту үшін жағдай жасау.
Іс - шараның әсері: ақпаратпен, әдістемелік әзірлемелермен, тәжірибемен және т.б. алмасу алаңын ұсыну, педагогикалық іс -әрекет практикасында жаңа тәсілдерді тиімді іске асырудың педагогикалық тәжірибесін анықтау және тарату, іс - әрекеттегі зерттеу және білім беру практикасындағы сабақты зерттеу. өнімді кәсіби өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету.
Қатысушылар: Конференцияға педагогтар, мектеп командалары, «Мұғалімдер тәжірибесіндегі зерттеулер» курсының мектеп жаттықтырушылары, қаланың жетекші мектептерінің үйлестірушілері және т.б. қатысады
Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ.
Жоспарланған қамту - 350 адам.