Қашықтықтан білім беру-қашықтықтан оқыту арқылы жүзеге асырылатын білім беру.
Қашықтықтан оқыту дегеніміз-барлық технологиялар мен оқытудың басқа да түрлерін қамтитын ақпарат пен ілімнің арқасында білім мен дағдыларды игеру.
Қашықтықтан білім беру технологиялары (ҚБТ) деп білім алушы мен педагог қызметкердің жанама немесе толық жанама өзара іс-қимылы кезінде негізінен ақпараттандыру және телекоммуникация құралдарын қолдана отырып іске асырылатын білім беру технологиялары түсініледі.