Қазан айында қала мектептерінде дәстүрлі түрде мектеп кітапханаларының айлығы өтеді. Бұл акция-оқушылардың назарын кітапхана қорына, түрлі әдеби жанрлар мен авторларға аударуға, оқуға және әдебиетке деген қызығушылықты дамытуға, сондай-ақ кітапхананың өзін-өзі дамытуға, уақытты тиімді өткізуге болатын орын ретіндегі маңызын сезінуге жақсы мүмкіндік. Мектеп кітапханаларының айлығы мектеп кітапханаларының маңыздылығын атап өтуге, мектеп кітапханашыларына қолдау көрсетуге, оларға лайықты бағасын беруге, еңбектері мен кітапхана ісіне берілгендіктері үшін алғыс білдіруге тамаша себеп болады.