2025 жылы 23-25 желтоқсан аралығында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, оның ішінде ваучерлік қаржыландыруға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізілуде.
30. Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурстық рәсімге қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаған мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі, көрсетілетін қызметтерді берушілердің тізбесіне енгізу туралы өтініш береді:
1) «Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкес шарттарды;
2) «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі қағидалары) сәйкес шарттарды;
3) «Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27414 болып тіркелген) (бұдан әрі – Нұсқаулық) сәйкес талаптарды;
4) «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сәулет қызметі туралы заң) сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім берудің арнайы шарттары (бар болса) қолжетімді ортаны;
5) «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыруды;
6) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсетуді;
7) «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шiлдедегi № 224 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелген) сәйкес бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагогикалық құраммен штат санын қамтамасыз етеді.
1) Алгоритмге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) МДҰ басшының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау жүйелерінің, автоматты өрт жүйесінің, дабыл түймесінің, дауыстық хабарлаудың және домофон жүйесінің болуы туралы ақпаратты;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымымен шартты (сиымдылығы үш топқа дейін);
4) педагогтік немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмелерін;
5) ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмесін (бар болса) ұсынады.
1) ақпараттандыру объектісі мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер арқылы («электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz):
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды;
сыйымдылығы 3 (үш) топтан көп МДҰ үшін медициналық қызметке арналған лицензияларды алады, олардың болуы мен дұрыстығын жүзеге асырады;
2) білім беруді басқару органы:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамаларды;
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28566 болып тіркелген) бұйрығына (бұдан әрі - № 29/қе бұйрық) сәйкес МДҰ-ның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін;
Қызмет көрсетушілердің тізбесіне енгізу үшін құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді қабылдайды және бар-жоғын, жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды хабарландыру шыққан күннен бастап 2025 жыл 23-25 желтоқсан аралығында электрондық порталға https://balabaqsha.snation.kz үш жұмыс күні ішінде PDF форматында ұсыну қажет, байланыс телефоны: 8-7232-70-00-24
|
Білім беру қызметтерін |
|
|
Нысан |
|
|
|
Білім беруді басқару органының басшысына |
|
|
______________________ |
|
|
(Басшының Т.А.Ә. (бар болса)) |
Өтініш
_______________________________________________________ тізімге
(мектепке дейінгі ұйымның атауы, БСН)
мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметтерін көрсетушілер тізіміне қосуыңызды сұраймын.
Осымен мынаны хабарлаймын:
1) мектепке дейінгі ұйымның жобалық қуаты: _______________;
2) өтініш берілген күн бойынша нақты тәрбиеленушілер контингенті :_____ бала, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға _________ бала;
3) бұрын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
____________________________________________;
(орналастырылған/ орналастырылмаған және қай жылдан бастап орналастырылғанын көрсетіңіз)
4) мектепке дейінгі ұйым Ұлттық білім беру дерекқорының пайдаланушысы болып табылады.
Осымен мектепке дейінгі ұйым:
1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымның нақты қуаты шегінде балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдау жөніндегі талаптардың;
2) адамдар мен мүлікті қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарының;
3) мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларының сақталуын;
4) Ұлттық білім беру дерекқорында өзінің:
- тәрбиеленушілері;
- тәрбиешілері, оның ішінде олардың саны, білім деңгейі, біліктілігі, еңбек өтілі туралы ақпараттың ай сайын толтырылып отыруын;
5) тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасының;
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы орган белгілеген ата-аналық төлемнің, оның ішінде қосымша қызметтер үшін, балалардың тамақтануы үшін төлемінің рұқсат етілген ең жоғары мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Қосымша: Тізімге қосылу үшін арналған құжаттар ____ парақта.
Басшы_______________________________
(мектепке дейінгі ұйымның атауы)
______________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтыру күні "______" __________ 20____ж.
Мөр орны (бар болса)