Мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылғы қорытынды есеп

Білім беру саласында 22 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Нақтырақ: 1) он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімін беру; 2) кәмелетке толмағандардың мүлкіне билік ету үшін анықтамалар беру; 3) жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу және қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жәрдемақы тағайындау жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға; 4) қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру; 5) баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау; 6) балаға теріс әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуге рұқсат беру;           7) асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою; 8) бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою; және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты ақшалай төлемді төлеу; 9) баланы (балаларды) асырап алушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды күтіп-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау; 10) құжаттарды қабылдау және мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс беруге жолдама беру; 11) балаларға қосымша білім беру бойынша құжаттарды қабылдау және оларға қосымша білім беру ұйымдарына қабылдау; 12) жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру; 13) шалғайдағы ауылдық жерлерде тұратын балаларға жалпы білім беретін ұйымдарға және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету; 14) денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау; 15) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымдарына қабылдау; 16) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау; 17) негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру; 18) мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою; 19) мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды және балаларды қабылдау; 20) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру қызметі;                              21) педагогтердің аттестаттаудан өтуі үшін құжаттарды қабылдау; 22) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету.

Мемлекеттік қызметтерді ведомстволық бағынысты ұйымдар, білім бөлімі көрсетеді.

 

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімімен 11 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2024 жылы қалалық білім бөлімімен  2250 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Олардың ішінде:

- қағаз түрінде - 2147

- мемлекеттік корпорация арқылы-63

- электронды түрде-40

143 мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды.

1.Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау-261;

  1. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру-6;
  2. Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімін беру-494;
  3. Кәмелетке толмағандардың мүлкіне билік ету үшін анықтамалар беру-1384;
  4. Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу және қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау-62;
  5. Қорғаншылық және қамқоршылық бойынша анықтамалар беру – 22;
  6. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау-1;
  7. Балаға теріс әсер етпейтін ата - ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуге рұқсат беру-8;
  8. Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою – 11;
  9. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем тағайындау-2;
  10. Баланы (балаларды) асырап алушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды күтіп – бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау-0.

2024 жылы білім бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 3 бақылау іс-шарасы өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар болған жоқ жоспар (100%).

Дата публикации
25 апреля 2025