Өскемен қаласында 2024-2025 оқу жылында «Нұрлы жол» шағын ауданында жаңа мектеп ашылады деп жоспарлануда

Құрметті ата-аналар және оқушылар!

Өскемен қаласында 2024-2025 оқу жылында «Нұрлы жол» шағын ауданында Базовая көшесінде 600 орындық жаңа мектеп ашылады деп жоспарлануда.

Осыған байланысты ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Жалпы білім беретін № 50 мектеп» КММ (Базовая көшесі) 2024-2025 оқу жылына  мемлекеттік тілде 0 сыныптан 11 сыныпқа алдын-ала оқушыларды қабылдау жүргізіледі.

Оқушыларды қабылдау туралы толық ақпаратты төмендегі мекенжай бойынша біле аласыздар: ШҚО, Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 156 немесе телефон бойынша +7 777 391 7998,

сағат 17.00-ге дейін.

 

Дата публикации
10 июля 2024