Өскемен қаласында 2024-2025 оқу жылында білім саласында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы негізінде екі жаңа мектеп ашылады деп жоспарлануда

Құрметті ата-аналар және оқушылар!

Өскемен қаласында 2024-2025 оқу жылында білім саласында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы негізінде екі жаңа мектеп ашылады деп жоспарлануда: Тимофеев көшесінде 300 орындық мектеп және Уәлиев көшесінде 600 орындық мектеп.

Осыған байланысты ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Жалпы білім беретін № 31 мектеп» КММ (Тимофеев көшесі) 2024-2025 оқу жылына  қазақ және орыс тілінде 0 сыныптан 11 сыныпқа алдын-ала оқушыларды қабылдау жүргізіледі.

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Жалпы білім беретін

№ 40 мектеп» КММ (Уәлиев көшесі) 2024-2025 оқу жылына  мемлекеттік тілде 0 сыныптан 11 сыныпқа алдын-ала оқушыларды қабылдау жүргізіледі.

 

Оқушыларды қабылдау туралы толық ақпаратты төмендегі мекенжай бойынша біле аласыздар: ШҚО, Өскемен қаласы, Шәкәрім көшесі, 156 немесе ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Жалпы білім беретін № 31 мектеп» КММ (Тимофеев көшесі) бойынша

телефон +7 777 989 4369;

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Жалпы білім беретін

№ 40 мектеп» КММ (Уәлиев көшесі) бойынша телефон +7777 178 9190,

 сағат 17.00-ге дейін.

Дата публикации
09 июля 2024