№ 4 хаттама «Мархабат» ЖК-ге ауысуына байланысты ЖК «Амирхан» қызметін тоқтату туралы хатты қарау жөніндегі комиссия отырысы

№ 4 хаттама

«Мархабат» ЖК-ге ауысуына байланысты ЖК «Амирхан» қызметін тоқтату туралы хатты қарау жөніндегі комиссия отырысы

 

2024 жылғы 02 мамыр                                                                         Өскемен қаласы

Қатысқандар:

Комиссия төрайымы - Алагузова Сауле Бауржановна, «Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімі» ММ басшысы;

Комиссияның 9 мүшесінің 6-ы қатысты.

Комиссия мүшелері:

Капезова Еркежан Жумановна - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің жалпы, орта білім беру және мектепке дейінгі ұйымдар секторының бас маманы;

Ергалиев Бауржан Жанымканович - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің жоспарлау, болжау және тіршілік әрекетін қамтамасыз ету секторының бас маманы;

Молдекин Канагат Мейыргазыевич - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің білім жүйесін қаржылық қолдау бойынша жетекші бухгалтері;

Раимбаева Дина Орынбасаровна - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 11 "Айгөлек" балабақша-бөбекжай» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры;

Адылхан Асет Бердыгалиұлы - Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы;

Кузьмицкая Анна Васильевна - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің инспекторы;

Комиссия хатшысы – Тохтарова Динара Байдархановна, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйымдар секторының әдіскері.

Тапсырыс беруші: «Мархабат» түзеу балабақшасы «Амирхан» ЖК.

Күн тәртібі:

  1. «Мархабат» түзеу балабақшасы «Амирхан» ЖК негізін қалаушы Д. Сагдолдинның 2024 жылғы 29 ақпаныңдағы № 03.02/24 ақпарат үшін жолданған хатын қарау туралы.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім беру бөліміне түскен хатты қарау кезінде комиссия басшылыққа алады:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығымен бекітілген "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын

"Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жағдайларды;

"Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына   сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды;

 "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы"   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда) білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған;

"Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыруды;

Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасауды;

"Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген);

"Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес тиісті бейіні.

Комиссияға құжаттар ұсынылды:

1) комиссия төрағасының атына «Мархабат» түзеу балабақшасы «Амирхан» ЖК негізін қалаушы Д. Сагдолдинның 2024 жылғы 29 ақпаныңдағы № 03.02/24 ақпарат үшін хаты;

Шешім: «Мархабат» түзеу балабақшасы «Амирхан» ЖК негізін қалаушы Д. Сагдолдинның 2024 жылғы 29 ақпаныңдағы № 03.02/24 ақпарат үшін хатын қарастырып комиссия шешім қабылдады;

«Мархабат» түзеу балабақшасы «Мархабат» ЖК ауысуына байланысты «Мархабат» түзеу балабақшасы «Амирхан» ЖК 2024 жылдың 2 мамырынан бастап қаржыландыру тоқтатылсын.

  

 

Комиссия төрағасы:                                                                                 С. Алагузова

 

Комиссия мүшелері:                                                                                          Е. Капезова

Б. Ергалиев

К. Молдекин

А. Кузьмицкая

Д. Раимбаева

А.Адылхан

 

Комиссия хатшысы                                                                                           Д. Тохтарова

Дата публикации
02 мая 2024