№ 1 хаттама мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету үшін жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда «Murager балабақша-бөбекжайы» ЖШС орын ашуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы комиссия отырысы

 

№ 1 хаттама

мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету үшін жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда орын ашуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы комиссия отырысы

 

2024 жылғы 19 ақпан                                                                         Өскемен қаласы

 

Қатысқандар:

Комиссия төрайымы - Алагузова Сауле Бауржановна, «Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімі» ММ басшысы;

Комиссияның 9 мүшесінің 5-і қатысты.

Комиссия мүшелері:

Козыбаева Булбул Жомартовна - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының  мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру бөлімі басшысы (келісім бойынша);

Капезова Еркежан Жумановна - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің жалпы, орта білім беру және мектепке дейінгі ұйымдар секторының бас маманы;

Раимбаева Дина Орынбасаровна - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 11 "Айгөлек" балабақша-бөбекжай» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры;

Адылхан Асет Бердыгалиұлы - Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы  (келісім бойынша);

Кузьмицкая Анна Васильевна - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің инспекторы;

Комиссия хатшысы – Тохтарова Динара Байдархановна, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйымдар секторының әдіскері.

Тапсырыс беруші: «Murager балабақша-бөбекжайы» ЖШС.

Күн тәртібі:

  1. Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету үшін қосымша 20 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына «Murager балабақша-бөбекжайы» ЖШС түскен ұсынысты қарау туралы. 1.02.2024 жылғы Мектепке дейінгі жастағы балаларды қосымша 20 орындық мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету бойынша «Murager балабақша-бөбекжайы» ЖШС мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы өтініш.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім беру бөліміне түскен «Murager балабақша-бөбекжайы» ЖШС өтінішін қарау кезінде комиссия басшылыққа алады:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығымен бекітілген "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын

"Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жағдайларды;

"Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына   сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды;

 "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда) білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған;

"Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыруды;

Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасауды;

"Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес тиісті бейіні

бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

Комиссияға құжаттар ұсынылды:

1) комиссия төрағасының атына 1.02.2024 жылғы өтініш;

2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;

3) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

4)  ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі.

«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығының 15 тармағының негізінде комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырды.

 1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;

2) медициналық қызметке лицензиялар;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;

4) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына   сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер".

Шешім: Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттарды қарап, комиссия шешім қабылдады: «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрық негізінде «Murager балабақша-бөбекжайы» ЖШС мекемесі осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келеді.

«Murager балабақша-бөбекжайы» ЖШС мектепке дейінгі мекемесінде мектепке дейінгі жастағы балаларды қосымша 20 орынға арналған мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етуге қаржыландыру көзделсін.

 

                                                                         

Комиссия төрағасы:                                                                                 С. Алагузова

 

Комиссия мүшелері:                                                                                       Б. Козыбаева

Е. Капезова

                                                                                                                         А.Кузьмицкая

Д. Раимбаева

А. Адылхан

 

Комиссия хатшысы                                                                                           Д. Тохтарова

Протокол №1
Дата публикации
20 февраля 2024