2024 жылдың 30 қаңтардан 20 ақпанға дейін Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша байқау өткізілуде

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қасым Қайсенов көшесі, 10 а, 070004 «Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі Өскемен қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын 100 орынға орналастыру байқауын жариялайды.13. Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімге қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаған және мыналарды:1) "Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) сәйкес жағдайларды;2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі-Өрт қауіпсіздігі қағидалары) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жағдайларды;3) "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына (бұдан әрі – ҚРҮ № 305 Қ) сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды;4) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда) білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған;5) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыруды;6) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасауды;7) "Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.14. Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;2) медициналық қызметке лицензиялар;3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;4) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 28566 тізілімінде болып тіркелген) сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі - № 29/қе бұйрық);5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.";16. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды Білім беруді басқару органдарын құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша міндеттер мен функцияларды іске асыруға арналған құрылымдық бөлімше конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.17. Мектепке дейінгі ұйымдар басшы қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды Білім беруді басқару органдарының ҚҚҚБ-нің электрондық поштасына электрондық форматта жібереді.Құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органдарының ҚҚҚБ -не қағаз форматта жібереді.Құжаттарды тапсыру күні мен уақыты белгіленген тіркеу туралы анықтама (талон) мектепке дейінгі ұйымның электрондық поштасына жіберіледі және (немесе) білім беруді басқару органының ҚҚҚБ -не қолма-қол беріледі.18. Құжаттарды ҚҚҚБ-де тіркеу аяқталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды қарайды. Құжаттар міндетті түрде бейне және аудио тіркеу жүргізіліп, әлеуетті қызмет берушілердің қатысуымен қаралады.Мектепке дейінгі ұйымдар ұсынатын құжаттарды Комиссия дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамаға сәйкес білім беру органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырады.19. Комиссия мүшелері қатарынан айқындаған тұлғалар келесі 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындау үшін мектепке дейінгі ұйымға баруды жүзеге асырады.";20. Ұсынылған құжаттарды қарау және мектепке дейінгі ұйымға бару нәтижелері бойынша Комиссия осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама жасайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.21. Білім беруді басқару органдары Комиссия хаттамасының негізінде атауын, өтініш берген кездегі бос орындар санын және байланыс деректерін көрсете отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастырады.22. Мектепке дейінгі ұйымды Мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне енгізуден бас тарту Мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне енгізу бойынша келесі конкурстық рәсімге қайта қатысуға кедергі келтірмейді.23. Бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған немесе бюджеттен қаржыландыру жүзеге асырылған 5 (бес) және одан да көп жыл ішінде мектепке дейінгі ұйымдар 14-тармағында көрсетілген жаңартылған құжаттар ұсынылған жағдайда және осы Қағидалардың 15 және 18-тармақтарында көзделген тәртіппен келесі күнтізбелік жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізіледі.";24. Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдарда қаржы жылында бір рет осы Қағидалардың 19-тармағының шарттарын сақтау және қамтамасыз ету бойынша жоспарлы мониторинг жүргізіледі.Жоспарлы мониторингті жергілікті атқарушы органдардың, білім беруді басқару органдарының, аккредиттелген (салалық) қауымдастықтардың және (немесе) өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, Комиссия жүзеге асырады.Білім беруді басқару органы жоспарлы мониторинг жүргізу мерзімдерін көрсете отырып, мектепке дейінгі ұйымға хабарламаны бір ай бұрын жібереді.Жоспарлы мониторинг нәтижелері бойынша Комиссия 3 (үш) жұмыс күні ішінде акт жасайды және мектепке дейінгі ұйымдармен танысу үшін білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында орналастырады.25. Осы Қағидалардың нормаларын бұзу фактілері анықталған кезде мектепке дейінгі ұйымдар Комиссияның актісін алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жояды және басшы қол қойған растайтын құжаттарды білім беруді басқару органының ҚҚҚБ-ге қағаз немесе электрондық форматта ұсынады.Мектепке дейінгі ұйым анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймаған кезде, Комиссия 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органына мектепке дейінгі ұйымның тізбеден шығарылғаны туралы хабарлайды.";26. Білім беруді басқару органдары мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін ресми интернет-ресурстарда өзектендіреді және Комиссияның хабарламасын алған күні мектепке дейінгі ұйымды қаржыландыруды тоқтата тұрады.27. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметіндегі бұзушылықтар бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері және осы Қағидалардың талаптары негізінде білім беруді басқару органы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде (бұдан әрі - ӘРПК) көзделген мерзімдерде жоспардан тыс мониторинг жүргізеді.28. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды "Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26502 болып тіркелген) және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен білім беруді басқару органдары Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізілген мектепке дейінгі ұйымдармен 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.Мектепке дейінгі ұйымдармен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шарты тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет қаражаты шегінде бір қаржы жылына жасалады.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шарты жасалғаннан кейін мектепке дейінгі ұйым бос орындар туралы мәліметтерді білім беруді басқару органдарының ақпараттық жүйелерінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналастырады.";Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды PDF форматында хабарландыру жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде 2024 жылдың 30 қаңтары мен 1 ақпан аралығында igenbaeva@goroo.ukg.kz электрондық поштасына ұсыну қажет, байланыс телефоны: 8 72 32 70 00 24.        

Өтініш нысаны
(мектепке дейінгі ұйымның
бланкінде толтырылады)
Мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
бойынша комиссия төрағасына
_______(төрағаның Т.А.Ә.
(бар болғанда)

 

 

Өтініш

 

      Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие және

      оқу бойынша жеткізушілер тізбесіне__________________________________________

      (мектепке дейінгі ұйымның атауы, БИН)

      қосуды өтінемін.

      Осы арқылы келесіні хабарлаймын:

      1) мектепке дейінгі ұйымның жаңа орындарының саны: _______________;

      2) өтініш берген күнгі жағдай бойынша тәрбиеленушілердің нақты контингенті: _____

      бала, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру

      тапсырысы бойынша _________ бала;

      3) бұрын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

      ____________________________________________;

      (орналастырылды/ орналастырылған жоқ)

      4) мектепке дейінгі ұйым Ұлттық білім беру деректер базасын пайдаланушы болып

      табылады.

      Осы арқылы мектепке дейінгі ұйым:

      1) санитариялық-эпидемиологиялық, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымның нақты

      қуаты шегінде балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдау жөніндегі талаптарды;

      2) адамдар мен мүлікті қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын;

      3) мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын;

      4) Ұлттық білім беру деректер базасындағы:

      - тәрбиеленушілер;

      - тәрбиешілер, оның ішінде олардың саны, білім деңгейі, біліктілігі, еңбек өтілі туралы

      ақпаратты ай сайын толтырудың;

      5) "Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету

      қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

      2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді

      мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20883 болып тіркелген) сәйкес "Мектепке дейінгі

      ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет

      көрсету тәртібінің;

      6) тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі

      Қазақстан Республикасының заңнамасының;

      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес балалардың тамақтануы үшін жергілікті атқарушы

      орган белгілеген ата-ана төлемінің мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ парақта.

      Басшы _______________________________

      (мектепке дейінгі ұйымның атауы)

      ______________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

      Толтырған күні "______" __________20____ж.

      Мөр орны (бар болғанда)

 

Хабарландыру
Дата публикации
31 января 2024