№ 7 хаттама
мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету үшін жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда орын ашуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы комиссия отырысы
2023 жылғы 21 желтоқсан Өскемен қаласы
Қатысқандар:
Комиссия төрайымы - Алагузова Сауле Бауржановна, «Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімі» ММ басшысы;
Комиссияның 9 мүшесінің 8-і қатысты.
Комиссия мүшелері:
Шарипова Дина Оралхановна – Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің басшының орынбасары;
Турарова Гульмира Кажиевна - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі жалпы, орта білім беру және мектепке дейінгі ұйымдар секторының меңгерушісі;
Капезова Еркежан Жумановна - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің жалпы, орта білім беру және мектепке дейінгі ұйымдар секторының бас маманы;
Ергалиев Бауржан Жанымканович - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің жоспарлау, болжау және тіршілік әрекетін қамтамасыз ету секторының бас маманы;
Молдекин Канагат Мейыргазыевич - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің білім жүйесін қаржылық қолдау бойынша жетекші бухгалтері;
Раимбаева Дина Орынбасаровна - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 11 "Айгөлек" балабақша-бөбекжай» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры;
Адылхан Асет Бердыгалиұлы - Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы;
Кузьмицкая Анна Васильевна - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің инспекторы;
Комиссия хатшысы – Тохтарова Динара Байдархановна, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйымдар секторының әдіскері.
Тапсырыс беруші: «Болашақ GOLD» ЖШС.
Күн тәртібі:
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім беру бөліміне түскен «Болашақ GOLD» ЖШС өтінішін қарау кезінде комиссия басшылыққа алады:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығымен бекітілген "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын
"Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жағдайларды;
"Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды;
"Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда) білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған;
"Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыруды;
Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасауды;
"Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес тиісті бейіні
бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Комиссияға құжаттар ұсынылды:
1) комиссия төрағасының атына 5.12.2023 жылғы өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;
3) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;
4) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі.
«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығының 15 тармағының негізінде комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырды.
1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;
2) медициналық қызметке лицензиялар;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;
4) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер".
Шешім: Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттарды қарап, комиссия шешім қабылдады:
«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрық негізінде «Болашақ GOLD» ЖШС мекемесі осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келеді.
«Болашақ GOLD» ЖШС мектепке дейінгі мекемесінде мектепке дейінгі жастағы балаларды 163 орынға арналған мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етуге 2024 жылдың 1 қаңтардан қаржыландыру көзделсін.
Комиссия төрағасы: С. Алагузова
Комиссия мүшелері: Д. Шарипова
Г. Турарова
Б. Ергалиев
Е. Капезова
К. Молдекин
А. Кузьмицкая
Д. Раимбаева
А.Адылхан
Комиссия хатшысы Д. Тохтарова