«Педагогикалык идеялар фестивалі» Республикалық байқауының қалалық деңгейінің Ережесі

Жалпы ережелер

 

  1. «Педагогикалық идеялар фестивалі» (бұдан әpi - Фестиваль) республикалық байқауының қалалық деңгейде өткізу Ережесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын  icкe асыру мақсатында әзірленген.
  2. Фестивальді жылына бip рет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі - «Дарын» РҒПО), қалалық кезең - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының

«Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ өткізеді.

  1. Фестивальға мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, мұғалімдер, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілері, музыка қызметкерлері, қосымша білім беру педагогтары, сынып жетекшілер, психологтар, логопедтер қатысады.
  2. Әр катысушы жеке катысады, топтық жоба карастырылмаған.
  3. Фестиваль қоғамға өзінің зияткерлік еңбегінің нәтижесін көрсеткісі келетін және кәсіби қауымдастықтың, ішінде үздік педагогикалық тәжірибесімен бөліскісі келетін белсенді және шығармашыл педагогтарға бағытталған.
  4. Фестивальдің бағыты коммуникативтік және басқа да құзыреттілік түрлерін дамыту, ұтқыр білім беру ортасында тиімді жұмыс істеу үшін басшылар мен педагогтардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, оқыту әдістемесі мен технологияларын жетілдіру, тәжірибе алмасу, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру, заманауи мектептің кадрлық әлеуетін қолдау, Қазақстанның мәдени-білім беру кеңістігінің бірлігін сақтауға және нығайту.

 

Фестивальдің мақсаты мен міндеттері

 

  1. Фестивальдің мақсаты - педагогтардың шығармашылық деңгейінің жүзеге асруын және кәсіби өcyiн ынталандыру, Өскемен қаласы мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
  2. Фестивальдің міндеттері:
  • педагогтардың кәсіби шеберлігін көтеру;
  • білім беру кеңістігін ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді жетілдіру;
  • озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау және тарату;
  • заманауи инновациялық білім беру технологияларын енгізу және тарату;
  • педагог мамандығының оң имиджін қалыптастыру;
  • мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру жүйесін жаңғыртудың және тәжірибе алмасудың өзекті мәселелерін талқылау үшін пікірталас алаңдарын құру;
  • жаңашыл мұғалімнің құрылымдық-мазмұндық моделін әзірлеу.

 

Фестивальді өткізудің шарттары мен тәртібі

 

  1. Фестиваль келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
  • «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» (білім беру ұйымдарының директорлары, директорлардың орынбасарлары)
  • «Шеберлік палитрасы» (пән мұғалімдері);

ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер (математика, биология, география, экология);

физика-математика бағытындағы пәндер (математика, физика, информатика);

қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер (қазақ, орыс, ағылшын тілдері, әдебиет, тарих, құқық);

ағылшын тіліндегі жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер;

қолданбалы цикл (көркем еңбек, дене шыңықтыру, технология, АӘД, музыка, қолданбалы өнер)

  • «Шығармашыл толқын» (бастауыш сынып және мекпетке дейінгі білім беру ұйымдарының мұғалімдері);
  • «Сабақ аяқталған соң...» (сынып жетекшілері, тәрбиешілер, қосымша білім беру орталықтарының педагогтары);
  • «Психолог сандықшасы» (психологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтер, дефектологтар).
  1. Баяндама жасау түрлері: ТЕДх форматында таратуға лайықты педагогикалық идеяны ұсыну (осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес).
  2. Педагогикалық идеяның регламенті – кемінде 7 минут.
  3. Педагогикалық идеяны рәсімдеуге ұсынылатын талаптар:
  • жобаның көлемі шексіз;
  • А 4 форматында, RS Word мәтіндік редакторында Times New Roman шрифтімен жазылуы керек (әр жолдың аралығы бірыңғай, шрифтің көлемі-14, шет сызығы-25мм);
  • титул парағында автордың толық аты-жөнін, педагогикалық идеяның атауы, бағыты, қызметі, білім беру ұйымының мекенжайы мен телефоны, автордың мекенжайы мен телефонын, e-mail көрсетілу қажет. Фестивальге ұсынылған педагогикалық идеялар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
  1. Ұйымдастыру комитетіне электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсыну:
  • фестивальге қатысу туралы өтінім (мектеп мөрімен және директордың қолымен расталған);
  • қазақ және орыс тілдеріне педагогикалық идеяның аннотациясы;
  • педагогикалық идеяның тезистері.
  1. Фестивальге авторлық құқық объектілері болып табылатын жұмыстардың фрагменттері қолданылған материалдар құқық иеленушілердің келісімінсіз қабылданбайды.
  2. Фестивальге соңғы 3 жылдағы қатысушылар жіберілмейді.
  3. Таратуға лайықты педагогикалық идеяның бағалау өлшем шарттары:
  4. Мақсаттары мен міндеттері.
  5. Мазмұны.
  6. Сөйлеуді дұрыс ұйымдастыру.
  7. Тиімділікті бағалау.
  8. Жеке жетістіктері.

 

Мақсаттары мен міндеттері:

Алдымен сөз сөйлеудің мақсаттары мен міндеттерін қоюды бағалау керек.

  • педагогиалық идеяның өзектілігі;
  • педагогикалық идея толығымен зерттелді ме;
  • қатысушы оның осы салаға деген қызығушылығы немен байланысты екенін

көрсетті ме.

 

Мазмұны

Енді қатысушының сөйлеу мазмұнымен келесі критерийлер бойынша көпшілік алдында сөз сөйлеуін бағалау керек:

  • ақпараттың дұрыстығы;
  • ақпаратты таңдау;
  • көрнекі материалды пайдалану;
  • практикалық қажеттілігі.

 

Сөйлеуді ұйымдастыру

Қатысушының көпшілік алдында сөз сөйлеуді келесі критерийлер бойынша бағаланады:

  • сөздің бір бөлігінен екіншісіне ауысудың бірқалыптылығы;
  • монологтың барлық бөліктерінің бірізділігі;
  • барлық құрамдастардың бірлігін растатйтын қорытынды.

 

Тиімділігін бағалау

Қатысушының сөз сөйлеуінің таныстырылымы және сөйлеу сапасының өлшемдері мен мәнері бойынша көпшілік алдында сөз сөйлеудің тиімділігін бағалау:

  • мазмұндама аудиторияға жарқын және жағымды болды ма;
  • оның сөзі түсінікті және эмоционалды болды ма;
  • артикуляция дағдылары қандай болды;
  • қатысушының көзқарасы қандай болды және олар ауысып отырды ма;
  • аудиторяның алдында өзін ұстау тәсілі қаншалықты табысты болды.

 

Жеке жетістіктері

Көпшілік алдында сөз сөйлеу анализі шешеннің жеке жетістіктерін де ескереді. Мысалы:

  • аудиториямен байланыс құру;
  • сөйлеу мәнеріне, тақырыпқа аудиторяның шынайы қызығушылығы;
  • аудиторияның сұрақ-жауап арқылы белсенділігі;
  • катысушының сөз сөйлеу тақырыбы бойынша қойған жаңа пікірін калыптастыру;
  • аудиторияның қажет болған жағдайда қатысушыны қолдауы немесе

оның алға қойған көзқарастарынан толық иелігінен шығуы.

 

Ұйымдастыру комитет!

 

  1. Фестивальге басшылық етуді Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады (бұдан ары-Ұйымдастыру комитет).
  2. Ұйымдастыру комитеті келесі функцияларды атқарады:
  • фестивальды ресми интернет-паракшасында әдістемелік және ақпараттық колдауды камтамасыз етеді;
  • республикалық фестивальдің өту тәртібі мен мазмұнын бекітеді;
  • фестивальдің қорытынды кезеңінің өту орны мен мерзімін анықтайды;
  • фестиваль дипломдарын беру ретін белгілейді.
  • фестивальдің өтінімдері мен материалдарын жинауды қамтамасыз етеді;
  • фестивальдің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді.

 

Фестивальді өткізу кезеңдері мен тәртібі

  1. Фестиваль үш кезеңде өтеді:

І кезең – қалалық, екі деңгейден турады:

1 деңгей (іріктеу) –  27 қараша 2023 ж., сырттай түрінде.

2023 жылдың 24 қараша айына дейін өтінім мен байқау материалдары (қағаз және электронды түрде (CD дискте), осы Ереженің 12-16-тармақтарына сәйкесінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі», Қ.Кайсенов көшесі 10 А,  № 7 кабинетке (Д.Л.Шакерова) тапсырылынады.

Үздік байқау материалдары 2 деңгейге өтеді.

2 деңгей (қорытынды) – 2023 жылдың 1 желтоқсан айында өтеді;

ІІ кезең - аймактық, ШҚО білім басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын орталығы» КМКК өткізеді.

ІІІ кезең - қорытынды, КР Білім және ғылым министлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізеді.

 

Қазылар алқасының функциялары

Қазылар алқасының құрамы ШҚО білім басқармасының қызметкерлерінен, жоғары оқу орындарының ғалым-педагогтарынан, біліктілікті арттыру институттарының қызметкерлерінен, сондай-ақ білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен, Өскемен қаласының білім бөлімінің әдіскерлерінен құрылады.

Қазылар алқасының хатшысы педагогты құзыретті бағалау үшін қазылар алқасының алдына бағалау парақтарын береді, отырыстың күн тәртібін қалыптастырады, қазылар алқасы мүшелерінің отырысының хаттамасын жүргізеді.

  1. Қазылар алқасы келесі функцияларды жүзеге асырады:
  • ұсынылған байқаудың материалдары және байқаудың қалалық кезеңінде қорғау негізінде өлшемдерге сәйкес байқау сынақтарының орындалуын баллмен бағалайды;
  • республикалық байқаудың қалалық кезеңінің қорытынды баллдары арқылы жеңімпаздарды анықтайды.
  1. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді. Хаттаманы жүргізу қазылар алқасының хатшысына жүктеледі.

             Қазылар алқасының хатшысы отырыстың хаттамасын, байқаудың қалалық кезеңі жеңімпаздарының байқау материалдарын өңірлік Ұйымдастыру комитетіне уақтылы ұсынады.

 

Фестиваль жеңімпаздарын марапаттау

 

  1. Фестивальдің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.
  2. Фестиваль жеңімпаздары Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады.

«Педагогикалык идеялар фестивалі» Республикалық байқауының қалалық деңгейінің Ережесі
Дата публикации
17 ноября 2023