«Үздік өлкетану сабағы – 2023» облыстық байқауының ережесі негізінде БҰЙЫРАМЫН:
- 2023 жылғы 21 қараша күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№19 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ базасында облыстық байқаудың қалалық кезеңі өткізілсін.
- Байқаудың қазылар алқасының құрамы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Мектеп директорлары қазылар алқасы мүшелерінің қатысуын қамтамасыз етсін.
- Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№19 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ директоры (К.Ф.Кикбаев) облыстық «Үздік өлкетану сабағы -2023» байқауының қалалық кезеңін өткізу үшін жағдай жасасын.
- Осы бұйрықтың орындалуына жауапкершілік әдіскер Н.Т. Капчиковаға жүктелсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды білім бөлімі басшысының орынбасары Д. О. Шариповаға жүктеймін.